Accessibility links

Қазақстанның зейнетақы жүйесінің мәселесі енді халықаралық деңгейде талқылануда


Соңғы уақыттағы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қалыптасып отырған мәселелерді бұған дейін мемлекеттік деңгейде шешу қажет деп келген Қазақстанның Зейнетақы қорларының қауымдастығы енді осы мәселеге қатысты халықаралық жиын өткізіп отыр.

Ондағы басты мақсат аталған жүйенің негізгі деген мәселелерін талқылап, оған жоғары биліктің назарын аудару дейді олар. Себебі бұған дейінгі бес жылдың ішінде осы саладағы жинақтаушы зейнетақы қорлары өз міндеттерін атқарғанымен енді келесі бір сатыға көтерілуі үшін жаңа реформа қажет деген ұстанымдарын білдіруде.

Cарапшылардың айтуынша, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі елдегі ірі қаржы институттарының біріне айналып келеді. Алайда осындай мүмкіндікке ие бола отырып, және үлкен мәселелерге де тап болып отыр дейді олар. Оны шешу тек мемлекет көмекке келгенде ғана мүмкін екенін айтады Қазақстан Зейнетақы қорлары қауымдастығының басшылығы.

Қауымдастық дерегі бойынша, өткен бір жылдағы инфляция деңгейімен салыстырып қараса, қорлардағы табыс көлемі 1,81 процентке төмендеп кеткен. Осының салдарынан бір ғана өткен мамыр айында зейнетақы активтері бойынша нақты табыс көлемі 0,88 процентке азайуына әкелген. Сондықтан да аталған салаға жоғары билік айрықша көңіл бөлінуі керек дейді аталған қауымдастық басшылары.

Ол үшін « Инвестиция мүмкіндігі мен тетіктер экономиканың нақты саласына бағытталуы керек»- дейді аталған қауымдастық төрағасы Айдар Әлібаев.

Ал, «Ұлар-Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы директоры Бауыржан Қарабек соншалықты бұл үркетіндей шаруа емес, бәрі шешімін табады дейді.

Сондай-ақ, мамандар мұндағы басты кемшілікті нақты екі мәселе бойынша түсіндіріп отыр. Сарапшы Айгүл Жансерікова бұл ретте оның күрделі екеніне түсінік береді.

Ал қаржы маманы Нұрмат Игіліков бұл салада көп нәрсенің асығыс жасалғанын айтады.

Сөйтіп, Қазақстанның зейнетақы қорларының қауымдастығы мен қатар елдегі жинақтаушы зейнетақы қорларының басшылығы, қаржыгер мамандар , шетелдік сарапшылар бас қосқан осы мәселеге қатысты халықарылық конфенренцияда көтерілген нақты ұсыныстарды үкіметке жолдайтындықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG