Accessibility links

Ирақта зорлық-зомбылықтар толастамай отыр.


Ирақтың 5 қаласында 62 кісі қырылған кешегі оқиғалардан кейін бүгін Бағдад пен Фаллуджа қаласы тынышталмай тұр. Зорлық-зомбылықтар толастар емес. Бағдадта бүгін көшеде жол бойында қопарылған бомбадан бірнеше полицейлік жарақаттанды. Фаллуджа қаласында көтерілісшілер мен АҚШ әскері арасында орын алған атыстарда бүгін 2 кісі опат болды. Кеше Бағдад, Фаллуджа, Рамади, Бақуба, Мосул қалаларында болған бомбалық шабуылдарда 62 кісі опат болып 220 кісі жарақаттанған еді. Бұл шабуылдарды йордандық ал-Зарқави бастаған топ ұйымдастырғандықтарын мәлімдеді. Бұл топтың Ал-Каидамен байланысы бар делініп отыр. Ирақта болған бұл қырғынға орай АҚШ президенті Джордж Буш былай деді: "Бізбұл террористерге Ирақ халқының арман-үмітін аяқ асты етуге жол бермейміз" Джордж Буш төрт сағаттық Еуроодақ самитіне қатысу үшін бүгін Ирландия батысындағы Дромоланд сарайына келеді делініп отыр. Ал, ертең НАТО саммитіне қатысу үшін Түркияға ұшып шықпақ. НАТО саммиті Стамбұлда дүйсенбі күні ашылмақ. Буш пен Еуроодақ басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саммит өтетін Дромоланд сарайы маңында 6 мың полицейлік шеп құраған.
XS
SM
MD
LG