Accessibility links

Амнести интернейшнл ұйымының кеше жариялаған хабарламасында Ингушетияда зорлық-зомбылық, адам ұрлау, өлтіру сияқты қатыгездік ұлғайып барады деп жазылған.


Оның авторларының бірі Эбони Ридделл Шешенстандағы жағдайды былай деп суреттеген: -Ресей ресмилерінің 2003 жылы Шешенстанда президенттік сайлау өтіп, Конститутция қабылданған соң мұндағы жағдайдың бәрі де реттеліп қалпына келеді деп мәлімдегеніне қарамастан, біздің зерттеулеріміз адамдардың ұрланып жоқ болып кетуі, сотсыз жазалау, азаптау секілді адам хұқтарының сақталмай, гуманитарлық заңдардың бұзылып, отырғандығын көрсетті,-дейді Ридделл. Амнести интернейшнл Ингушетияда да осындай жайттардың көбейіп бара жатқанына Ресейлік және мәскеушіл Шешен қауіпсіз күштерін айыптайды. Мұндай хабарлама дүйсенбі күін кешкілік Ингушетияда болған қақтығыстарда 92 адам қаза тауып, 120-ға таяу адам жараланған соң жарық көрді. Ресей билігі шабуылдар үшін Шешен сепаратистерін немесе Ингушетияның қарулы жасақтарын айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG