Accessibility links

Сауд Арабиясы үкіметке өздері берілген жасақтарға кешірім жасайтындығын жариялады.


Кеше теледидар арқылы патша Фахдтың атынан сөйлеген мұрагер ханзада Абдулла бір айдың ішінде өз еріктерімен берілгендерге Алла атынан рақымшылық болады деген.

-Біз өздеріне қиянат етіп, ол топта болғандардың бәріне де және де террорлық қимылдар кезінде қолға түспегендерге қайрылып, олардың дұрыс жолға түсуін Алладан сұраймыз. Осындай өтінішке басұрып, бір айдың ішінде өздігінен берілгендерге Шариғат атымен кешірім болатындығын айтқымыз келеді.

Абдулла сондай-ақ Әл-қаидамен байланысы бар деген терроршы жасақтарды ескертіп, үкімет өз еркімен берілмегендерге қарсы қатаң шаралар қолданатын болады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG