Accessibility links

Қазақстанда зиянкестермен күрес жүргізілуде


Қазақстанда 1 миллионға жуық өсімдіктердің түрлері бар екен. Бүгінгі таңда арнайы ыдыстарға отырғызылған және кесілген гүлдердің көбі шетелдерден, әсіресе Голландиядан әкелінеді екен. Бүгінгі таңда Ресейде зиянкестердің шығуына байланысты Голландиядан гүл әкелуге тыйым салып отыр. Зиянкес жәндіктер өсімдіктер мен гүлдердің 200-ге жуық түрін зақымдайтын көрінеді. Ал қазақстандық фитосанитария қызметінің мамандары Қазақстанда ондай қауіп жоқ дегенді айтуда.

Қазақстанда сатылатын гүлдердің басым көпшілігі Нидерландиядан әкелінеді екен. Біз гүл сататын салондарға хабарласқанымызда бүгіндері «Лала», «Гербер», «Хризантема», «Раушан» сияқты шетелден, оның ішінде Голландиядан жеткізілетін гүлдерге сұраныс көп көрінеді. Бұл гүлдердің барлығы сатуға шығарылмас бұрын арнайы тексеруден өткізіліп, рұқсат қағаз беріледі екен. 2-3 жылдан бері гүл сатумен айналысып келе жатқан Гүлнәр есімді сатушы «Шетелдерден әкелінетін гүлдерден гөрі өзіміздің Қазақстандық гүлдерді сатқан әлдеқайда тиімді Шетелдерден жеткенше солып, түрлі ауруларға ұшырап, біздің гүлдерге де зиянын тигізуі мүмкін. Сол себептен де шетелдерден гүл әкелмеуге тырысамыз. Десек те, қазір Голландиялық раушан гүлдеріне сұраныс көп болғандықтан сол елден әкелеміз», - дейді.

Тіпті Астананың көгалдандыру жұмысымен айналысатын «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өзі биыл гүл жетпегендіктен Германиядан әкелінген гүлдерді алуға мәжбүр болған. Кәсіпорын директорының 1-ші орынбасары Ерлан Нұралыұлы «Біз 2 миллионға жуық гүл отырғызамыз, шетелден әкелінетін 40 мыңға жуық гүл ештеңе шешпейді» дегенді айтты.

Ресейде гүл жәндігінің зақымдауына байланысты Голландиядан әкелінетін өсімдіктерді елге кіргізуге тыйым салынуда. Ол өсімдіктердің 200-ге жуық түріне зиянын тигізуі мүмкін екен. Біз осыған орай Қазақстанның «Фито санитария» республикалық мемлекеттік мекемесіне хабарласқан едік. Мекеме бас директорының орынбасары Валерий Әжбенов «Ондай зиянкестер өсімдіктердің тұқымымен немесе басқа жолмен келуі мүмкін. Бізде әзірге ондай қауіп жоқ. Ол алдын-ала міндетті түрде тексеріліп отырады. Мысалға, Ресейде 30-40, ал Қытайда 100-ге жуық карантиндік объектілер бар, ал бізде Қазақстанда жоқ. Сондықтан да шетелден келетін зиянкестерді ел терриоториясына енгізбеуге тиіспіз. Бүгінгі таңда өсімдіктермен, гүлдермен қоректенетін зиянкестермен күрес жүргізіліп жатыр», дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG