Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Бағдадта Ирак халқына билікті тапсырды


Маусымның 28 і күні АҚШ әкімшілігі Бағдадта құпия жағдайда және қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып Ирак халқын басқару билігін уақытша үкімет қолына тапсырған. Бұрын хабарлануы бойынша бұл іс шара маусымның 30-ы күні өтіледі деп хабарланған болатын. Алайда неліктен екі күн бұрын өтілгені әзірге белгісіз. Қазақстанның Ресей және Қытай институтының директоры, саясаттанушы Камал Бұрқанов болса Ақ үйдің бұл қадамын дұрыс шешім деп бағалады. Өйткені ирак халқы да осы жолғы соғыстан аз зардап шеккен жоқ, енді бұл уақытша үкімет ирак халқы үшін жұмыс істеуі керек. Ирак тек қана мұнайға ғана бай мемелекет емес сондай ақ ол тарихи тұрғыдан ескі дүниелерге бай мемлекет болмақ.

Осындай елде тұрған адамдардың қиыншылық жағдайда өмір сүруі әділеттілікке жатпайды дейді ол. Ал қоғам қайраткері, саясаткер Балташ Тұрсынбаев болса АҚШ тың бұл қадамын дұрыс қадам дейді. Өйткені АҚШ Иракты өз басқармақ болды бірақта ол мүмкін емес екендігін түсінген сыңайлы. Сондықтан да билікті ирак халқының өз қолына беріп отыр. Енді осы уақытша үкіметтегі азаматтар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып елді басқарулары керек әйтпесе бұрынға жағдай қайта қайталануы мүмкін дейді ол. Саясаткер Дос Көшім болса АҚШ тың бұл қадамының артында қандай бір қитұрқы жоспар туруы әбден мүмкін деп елді сендіруге тырысты. Оның айтуынша уақытша үкіметке днген ирак халқының көзқарасы әлі дұрыс емес. Олар жақсы сенбейді дейді ол. Ирактың уақытша үкіметі мен ел президенті Гази әл Явар 2005 жылдың соңына дейін өз жұмыстарын атқарып одан соң елде сайлау өтпекші.
XS
SM
MD
LG