Accessibility links

Алматыда “ҚР ұлттық мүддесі және жаһандану қатерлері” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік басқосу өтті


Басқосудың мақсаты - Қазақстанның іргелі ұлттық мүддесін айқындау. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қазір төніп отырған және алдағы уақытта төнуі мүмкін қатерлердің бет-пердесін ашу, дамушы рыногы бар ел ретінде Қазақстанның алдында тұрған жақандану қатерлерін зерттеу, ұлттық мүдделерге төнетін қауіп-қатерлерден қорғану туралы нақты шараларды жобалап, ұсыныстар әзірлеу. Жаһанданудың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын бағалау болып табылды.

Профессор Мұрат Әбдіровтің айтуынша, әлемдік жаһандану үрдістері объективті оған қарсы тұру мүмкін емес. Бүкіл әлем экономика арқылы бір-бірімен жақындасуда. Өз тәуелсіздігін алған жылдардан кейін Қазақстанда әлемдік жаһандану үрдісіне белсене араласып келеді.

Оның айтуынша осы аз ғана уақыт аралығында жаһандану үрдісінің басты қауіп - Қазақстан батыс елдері үшін тек шикізат көзі ретінде ғана танылып отыр. Ал елдің ішкі жағдайы, болашағы, халықтың тұрмыс тіршілігі үшін олар бас ауыртпайды. Қазақстанда Астана, Алматы, Атырау қалалары ғана қарқынды дамуда. Ал қазба байлығы жоқ кейбір аймақтарда халықтың тұрмыс тіршілігі төмендеп, жұмыссыздық етек алуда. Мұндай жағдай ел болашағы үшін өте қауіпті.

-Діни экстримизм, лаңкестік оқиғалары негізінен артта қалған Пәкістан, Ауғанстан сияқты елдерде көп орын алады. Қазақстанға да болашақта осындай қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да атқарушы билік, заң шығарушы органдар ғалымдар мен мамандар, сарапшылар пікірімен санасып, үкіметтің саясатына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек деп ойлаймын. Жаһандану процесі Қазақстанға екі жақты болуы мүмкін. Қазіргі техниканың жетістігінің барлығы батыста екендігін мойындауымыз керек. Біз солардың деңгейіне көтерілуіміз керек. Қазақстан әлемдік деңгейден тыс қалатын болса, онда еліміз болашағы бұлыңғыр елдерінің біріне айналуы да мүмкін. Сондықтан тек шикізат көзі ретінде танылып отырған елдердің жоғары дамыған елдер қатарына жетуі қиынырақ.

Ал келесі профессор Кеңес Қожахметов болса төмендегі мәселелерді басты назарда ұстауымыз керек. Әйтпесе, Қазақстан жаһандану үрдісіне жұтылып кетуі әбден мүмкін,- дейді.

-Ауылшаруашылығы ісі алға шығуы керек. Өндіріс күштері де дамуы керек. Онсыз біз жаһандануда жоғалып кетеміз. Халықтың ой-пікірі, сана-сезімі өте жоғары болуы керек. Елде артта қалушылық бар оны жеңбей біз жаһандануға кіре алмаймыз. Елдің тұрмысы нашар. Елдің тұрмысын көтеру керек.

Осының бәрін жөнге салмай жаһандануға кіріп кету бізге көп әсер етеді. Мен осыдан қорқамын. Одан қауіп бар мәңгілік артта қалып қоямыз. Бұдан көтерілу қиынырақ болады.

Ал саясаттанушы Болат Тілепов қазіргі жаһандану үрдісінде Қазақстандағы жүргізіліп отырған саясат тек қазба байлығы бар өңірлерге инвестиция тартумен ғана шектеліп, сол жерлердің инфрақұрылымын дамытуға ғана бағытталып отыр, - дейді.

-Кез-келген халықтың өркениетін білдіретін үш нәрсе. Ол тіл, дін және ұлттық алфавит. Осы үшеуін бірдей алып дамытатын болсақ өзіміздің ізімізді міндетті түрде қалдырамыз. Оған жаһанданудың кері әсері болмайды.
XS
SM
MD
LG