НАТО Ирақтың өтпелі кезеңдегі жаңа үкіметіне қолдау көрсету жөніндегі мәлімдемесін жариялады. Сондай-ақ, НАТО жетекшілері Ауғанстандағы Халықаралық қауіпсіздік көмегі күштерінің санын 6500ден 10 мыңға жеткізіп, қыркүйекте болатын сайлау алдынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдем бермек. НАТО бас хатшысы Жаап де Хуп Схеффер Ауғанстанға берілмек көмек жөнінде,
- Бүгін одақтастар Ауғанстанға қолдау ретінде ол елдегі әскери құрамды көбейтуді мақулдады. Біз өз берген уәдемізден шығамыз, - деді.
НАТО елдері жетекшілері Ресейден, өз міндеттемесін орындап, бұрыңғы советтік республикалар Гүржістан мен Молдоводан өз әскери қосындары және әскери базаларын алып кетуге шақырды. Ал үстіміздегі жылдың соңына дейін НАТО Босниядағы өз бейбітшілік миссиясын ЕуроОдаққа бермек. Бүгін сейсенбіде саммитте Ауғанстан президенті Хамид Қарзай сөз алмақ