Оларға терргеу абақтасында жылы тамақ беріліп, демалатын орын даярланыпты. Алайда тәңертең түрме басшылары Арқалықтан келгендермен әңгімелесу үшін абақтыға кіріп келгенде олар өз денелерін бритва пышағымен тілгілей бастаған.
Дереу түрменің дәрігерлері келіп, оларды емдеп, жарақаттарын таңып тастаған. Александр Булавиннің айтуынша олардың өмірлеріне ешбір қауіп жоқ. А.Булавиннің айтуы бойынша Арқалық түрмесінен келе жатып олар жол жөнекей біреулерден Қостанай түрмесі ең қиын ауыр түрме, онда түрме қызметкерлері жазықтыларды аяусыз ұрып соғады деген әңгміені естіген сыңайлы, сондықтан да олар алдын ала егерде осындай ұрып соғылуларға жол берілсе өздерінің осындай қарсыластыққа баратындықтарын көрсетпекші болған көрінеді.
Қостанай түрмесінде өз денелерін кескілеген жетеудің бесеуі ұрлық жасағандары үшін біреуі қыз зорлағаны үшін ал қалған біреуі тонаушылық жасағаны үшін ұсталып Қостанай түрмесіне әкелініп отыр дейді А. Булавин. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Мұстақим Төлеевтің айтуынша Қазақстан түрмелерінде реформа әлі жақсы жүрілмей жатыр. Түрме қызметкерлері тарапынан жазықтыларды ұрып соғу фактілері әлі бар болып отыр. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Адам құқығы аяққа тапталу фактілері де осы түрмелерде дейді ол. А.Булавин болса Қазақстанның қылмыстық кодексіне өз дене мүшелеріне әдейі жарақат түсірген жағдайда қандай жаза қолданылатындығы анық жазылуы керек, әйтпесе мұндай фактілер түрмеде жалғаса береді дегенді айтады.
Маусымның 29 і күні таратылған мына бір хабарға қарағанда Қостанайдағы тергеу абақтысына Арқалық қаласындағы уақытша тергеу камерасынан етаппен әкелінген жеті адам жетеуі де өз денелерін сақал мұрт алатын бритва пышағымен тілгілеп, денелеріне жарақат салған. Болған оқиғаға байланысты біз Қостанай облыстық әділет басқармасының қылмыстық атқару жүйесінің бастығы Александр Булавинмен телефонмен хабарласқанымызда ол бұл оқиғаны растады. Оның айтуынша барлығы жеті адам оның бесеуі тергеудегілер ал қалған екеуі сотталған адам Қостанайға өткен түн ауа етаппен әкелінген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"