Славян қозғалыстарына жаңа жарғыны қабылдату үшін, Ресей елшілігі жағынан қысым көрсетілген деген ақпарат бар. «Русский обозреватель» орталығының директоры Федор Мироговтың мәліметінше, Ресей елшілігінің кеңесшісі Павлов дөңгелек столдардың бірінде, мемлекеттік билікпен кез келген бағытта теке-тіреске барған ұйым, Ресей елшілігімен байланысуына және «Отандастарды қолдау” бағдарламасы шеңберінде қандай да бір Ресей Федерациясының жұмыстарына қатысуынан үмітін үзетін болады деген.
Ресей елшілігінің телефондарын ешкім алмағандықтан, елшілік кеңесшісі Павлов мырзамен сөйлесуге мүкіншілік болмады. Ал, славян қозғалыстарының кез келген отырысын бейне таспаға түсіріп, ақпарат жинап жүрген Федор Мироговтың мәліметінше, жаңа жарғыға сәйкес қауымдастыққа өтініш жазып кіре беруге болады ал шығу үшін бес жыл күту керек. Қауымдастықтың ресми өкілі Василий Принин бұл мәліметтті теріске шығарды.
«Русский обозреватель» ақпараттық орталығының директоры Федор Мироговтың мәліметінше, қауымдастықтан орыс мектептері мұғалімдерінің бірлестігі және орыс жастар одағы шығу туралы шешім қабылдаған. Қауымдастықтың ресми өкілі Василий Принин бұл мәлімет шындыққа жанаспайды дейді.
Федор Мироговтың мәліметінше, қауымдастықтың ресми өкілі Василий Принин өз бастығын қорғап, Терещенко мырзаның қауымдастыққа төрағалық етуді президенттің өзі тапсырғанын айтқан. «Орыс қоғамдастығының» мүшесі Василий Прининің пікірінше, Назарбаевтан ешқандай ұсыныс түспеген.
Бұған дейін «Лад» славян қозғалысының басшылығы қауымдастыққа шіркеудің өкілдерінің араласуына қарсы болған. Қауымдастық құрамынан шығып кеткен Федор Мироговтың мәліметінше, қауымдастық кеңесінің мүшесі Анатолий әкей славян қозғалыстарының өкілдерімен әңгімелесіп, жаңа жарғыны қабылдау қажет деп түсінтеме жасаған. Егер, келіспесеңдер, шіркеуге қарсысыңдар деген дауға қаласыңдар деп қорқытқан. Сондықтан, адамдар қарсылық білдіруге қорқып қауымдастықтан мүлде шығу шешімін қабылдаған дейді Федор Мирогов.
Қауымдастық кеңесінің мүшесі Анатолий әкей славян қозғалыстарының өкілдерін көндірген емеспін деді.
"Лад" славян қозғалысының төрағасы Иван Климошенко қозғалыстың қауымдастық құрамынан шығу себебін былайша түсіндіреді: "Аталған қауымдастық, негізінен, биліктің ұсыныстарын толық қолдайды. Ал, "Лад" болса, орыс тілділердің мүддесі үшін оппозициялық бағытты ұстанады".
Қауымдастық кеңесінің мүшесі Анатолий әкей болса «Лад» өкілдерімен билікке деген көзқарастарымызға орай келісе алмадық деп ашық айтып отыр.
Сөйтіп, орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының қатары селдiрей бастады. Бұған дейін қауымдастық құрылтайшылары қатарында 8 славян ұйымы болса, қазір олар 5-еу ғана.