Accessibility links

Алматыда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт мерекесі өтті.


Биылғы Олимпияда ойындарының өткізілетін жылымен сабақтастырып Алматы қаласының 150 жылдығы қарсаңында Алматы қаласындағы Түркісіб және Жетісу аудандары мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт мерекесі ұйымдастырылды. Мерекеге ауднанан 70- кетарта адамдар қатысқан болатын.

Нағашбай Сүттібаев 2- ші топтағы мүгідек болсадағы, күнде 2 сағат уақытын денені шынықтыратын жаттығуларға бөледі екен. Нағашбай ағай өзінің 64 жасына қарамастан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналып өткізілетін спорттық жарыстардан тыс қалмайтынын айтып отыр. Ағай алдағы жарыстардан жеңіп шығушы едім, биыл денсаулығым мен жасыма байланысты жүлделі орынға ие бола алмадым дегенді айтуда.Нағашбай Сүттібаев сиақты түрлі топтағы мүгедек адамдар саны тек Алматы қаласаның Түркісіб ауданының өзінде 6 мыңды құрайды.Оның ішінде арбамен немесе өздері қозғала алатын жандар саны 1390 адам. Түркісіб аудандаық мүгедектер қоғамының төрағасы Кенже Құдайбергенов, мүмкіндіктері шектелген адамдардың денесінде кемістік болғанымен рухани жағы, ойлау жағы өте жақсы жетілген дегенді айтады.Олардың өнерде, бейнелеу және көркем сөз өнерлеріндегі жетістіктері аз емес.

Кенже Құдайбергенов, біз қоғамдық ұйым болғандықтан , мемлекет тарапынан еш көмек алмай.Қаржы көзін өзіміз іздейміз дегенді айтып отыр.Өзіміз мүгедектерді қолдау, көмек беру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін демеушілер іздестіреміз. Бүгінгі өткізілген мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт мерекесі не 70- ке жуық адамдар қатысты.Оның ішінде 31 жастағы Гүлнар Бакиева да бар.Бүгінгі жарыстан Гүлнар екінші жүлделі орынмен қайтып отыр.Оның айтуынша жарысқа жүлде үшін емес, өзім сиақты мүмкіндіктері шектелген жандармен кездесіп ,әңгімелесу үшін келген.
XS
SM
MD
LG