Accessibility links

Саддам Хусейн және оның тұтқындағы бұрынғы 11 әріптесі бүгін Ирақтың заңдық түрмесіне көшірілді.


Дей тұрғанмен, Саддам Хусейннің қамаудағы бақылау астында болуы АҚШ әскерилері қолында қала бермекші. Бұл жөнінде өкімет басшысы Лиад Алауи былай деген болатын: “Біздің өтінішіміз бойынша халықаралық күштер олардың қамаудағы амандығы мен қауіпсіздігін, Ирақ полициясы толық түрде атқаруға қабілетті болғанға дейін, өздері қамтамасыз ете беретін болады”. Оларға қарсы іс ертең басталатын сыңайлы. Саддам Хусейн болса Бағдаттағы сот алдына бүгін-ақ шақырылды. Ал соттың өзі бірнеше айдан кейін және әділ түрде болатындығына Алауи мырза сендіріп отыр. Сот өкілдерінің айтуынша, Ирақтың бұрынғы елбасының денсаулық жағдайы жақсы екен.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG