Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07-01-2004


Республикалық басылымдарда “Наурыз” банк басшысы Оразәлі Ержановтын президентке жазған шағым хаты төңірегіндегі дау жалғасын табуда. Хатта жазылғанды жоққа шығарып, оын жариялаған депутаттар “қара пиар, лас технологиямен айналасты” деген президент әкімшілігі жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтің сөзіне наразылығын білдірген Парламент депутаты Серікбай Әлібаев газеттердің бірінде оны сотқа беру мүмкіндігін жоққа шығармайтындығын айтады. Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров кезекті мәрте баспасөз сынына ұшырайды.

“Наурыз банк” басқарма төрағасы әрі “Отан” партиясының саяси кеңес мүшесі Оразәлі Ержановтың президентке жолдаған хаты депутаттар алдында жария болмас бұрын ол депутат Серікбай Әлібаевпен кездесіп, ондағы қолтаңбаның өзінікі екендігін растапты. Бұл жөнінде депутат Әлібаевтың өзі “Время” газетіне берген сұқбатында егжей-тегжейлі баяндайды. Банкир депутатпен кездесу барысында хатта айтылғандай банкке жан-жақты қысым жасалғанын жеткізген. Естеріңізде болса, Оразалы Ержанов президенттен банкке үлес ретінде бастапқыда салған 10 миллион долларының кейін қолма-қол қайтарылуын талап етіп, қысым көрсеткен президент әкімшілігі жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтен араша болуын сұраған. Алайда, Тасмағамбетовтің өзі республикалық басылымдардың бірінде мұның барлығын жоққа шығарып, Ержановтың хатын жариялаған депутат Төлен Тоқтасыновты сотқа беру құқын сақтайтынын білдіреді. Ал Парламент депутаты Серікбай Әлібаев болса, президент әкімшілігі жетекшісінің ресми басылым арқылы үндеуді жариялаған “депутаттар қаралаумен, лас саяси технологиялар айналысып отыр” деген айып тағуы оның намысына тиетіндігін айтады. Сол себептен, ол өзінің де Тасмағамбетов мырзаны сотқа беруі мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдейді.



Парламент Мәжілісі депутаты Шәріп Омаров: “Белгілі-бір топтың пайдасын көздеп, ұпайын түгендеуді мақсат тұтып, лоббизммен айналысатын депутаттар жетерлік”, - деп есептейді “Айқын” газетінде. Оның пікірінше, “бұл заң жобаларын талқылау, қабылдау барысында, тіпті депутаттық сауал жасалған кезде анық байқалып тұрады”. Сол себептен, ол “Лоббизм туралы” заңның алты жылдан бері қабылданбай жатқандығына өкініш білдіреді.



“Литер” газеті “Компромат.кз” интернет сайтының аяқ астынан бұзылуын кейбір сарапшылар “Асар” партиясына жұмыс істейтін шетелдік саяси технологтардың ісі немесе сайлау алдында электоратпен жұмыс істеу тәсіліне наразы жастардың жасағаны деп бағалап отырғанын жазады. Газет мәліметтеріне қарағанда, интернет парақшасында университетте студенттерді “Асар” партиясына күштеп енгізіп жатқандығын, егер бұл тоқтатылмаса сайтты бұзатындығын айтып қыр көрсеткен студенттің хаты жарияланып, соңғы апталарда Шалбай Құлмахановтың суретімен әшекейленген интернет парақшасы іле-шала жұмысын тоқтатады. Алайда, “төңкерісшіл студенттің “Асар” партиясымен байланысы күмәнді “Компромат” сайтын таңдап алуы қызық екен”, - дейді газет тілшісі. Сонымен бірге мақала авторы Алматыдағы “Асар” партиясының жарнама қағаздарына бояу жағылғанына назар аударыпты. Егер партияға күштеп кіргізуге студенттер осылай жауап қатса, “директоры тек жаңа партияның мүшелеріне ғана сауда орнын беретін Петропавловск базарының саудагерлерінен не күтуге болады?” деп тәмамдалады “Компромат үшін жауап бересің” деген мақала.



Ал “Время” газетінде Солтүстік Қазақстан облысында керісінше “Ақ жол” партиясына қарсы қысымның күшейіп отыруына байланысты сол өңірдің 11 тұрғынының облыс әкімі Таиыр Мансұровқа сенімсіздік білдірген хатына орай мақала жарияланады. Онда облыс әкімнің әзірге қызмет бабымен берілген үй-жайында емес, бюджеттен алдын-ала бөлінген 15 миллион теңгеге жағдайы жақсартылған әкімшілік қонақүйінде тұратындығы, ал бұл уақытта ортасы галериямен байланыстылырған екі коттеджден тұратын зәулім кешенді сарай салынып жатқандағы сөз етіледі. Сонымен бірге әкімнің жұмысқа, театрға, түскі асқа, қайда барса да көлденең кездескенді бытыра қуып, шамы жанып-өшетін полиция машиналарының қарамағында ғана жүретіні, облыс әкімішілігі баспасөз қызметінің сол өңірдегі барлық ақпарат құралдарында шығатын хабарларды тексеріп, түзеп отыратындығы баяндалады.

Ал “Жас алаш” газетінде бұрынырақта Солтүстік Қазақстан облысының бір топ тұрғындарының хатын жариялап, перзидент кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаев пен депутат Серік Әбдірахмановтың редакцияға “ұлтараздықты” қоздырды деген айып таққандығына орай кезекті пікірілер топтамасын береді. Онда Парламент Мәжілісі төрағасы Жармахан Тұяқбай: “кез-келген ақпарат құралын қысым көрсетумен жеңген лауазымды адам болған емес. Кімде-кім оған әректтенсе, өзі тақырға отырады” деген пікірі беріліпті.
XS
SM
MD
LG