Accessibility links

Бағдадта Ирақтың бұрынғы билеушісі болған Саддам Хуссейінге және оның 11 сыбайласына қарсы ресми айыптаулар басталды.


20 жылдан астам билік басында болған кезеңінде адамзатқа қарсы геноцид және соғыс қылмыстарын жасады деп айыптау бойынша Саддам мен оның билігі кезінде жақын көмекшілері болғандарға Ирақ сотында тыңдаулардың бейсенбіде басталуына бүкіл әлемнің ақпарат агенттіктері мен жұртышылығы ерекше көз тікті.

Иә бейсенбіде Саддам Хуссейін сот тыңдауларына өзіне тағылып отырған айыпатуларды естуге бірінші рет әкелінеді деп аса ынтызарлықпен күтілгені рас. Және кешікпей –ақ ақпарат агенттіктері бұрынғы президент бұл айыптауларды өз құлағымен естіді деп хабарлады. Кейбір бақылаушылар мен сарапшылар мұның өзін "жүз жылдықтың сот процесі" болады деп те атап жатты. Айыптаулар бойынша, сот тыңдаулары өтетін жер- Бағдадтың халықаралық әуе жайына жақын жердегі "Кэмп виктори" деп аталатын американдық әскери база деп айтылған болатын бірқатар ақпарат бұлақтарында. Дегенмен де оның нақты орны аса құпия. Айыптар бойынша, сот тыңдаулары басталғанға дейін оның дәл қай уақытта басталатыны да айтылмай өте құпия ұсталынды, оның себебі де түсінікті, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатынан туындаған деуге болады.

Ал айыптаулар бойынша сот тыңдауларына Саддамен бірге оның тағы да 11 сыбайласы әкелінді, бұл Саддамның өткен жылы 13 желтоқсанда қолға түскеннен бері елдің, көпшіліктің алдында бірінші рет көрінуі еді.

Бұл сот тыңдаулары осы аптаның басында билік басына келген Ирақ үкіметі үшін ең бір маңызды сәт болатындығы айқын. Ирақтың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Моууофак әл-Рубаи былай дейді:

-Біз Саддам Хуссейіннің "мен қылмыс жасаппын мені кешіріңіздер деп айтқанын естіп, көргіміз келмейді, Ирақ халқы, мені кешіріңіздер дегенін ғана көргіміз келмейді,-деген ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі.

Дегенмен де, егер бұрынғы президент өз халқына, адамзатқа қарсы қылмыс жасап, ондаған мың адамның өліміне себепкер болғаны жөніндегі ауыр айыптауды естіген сәтте өзінің бет пішінінде қандай да бір толқуды білдірмесе де, оның осындай айыптауды естігенінің өзінен сол құрбан болғандардың туыс-туғандары өз көкіректерінде қатқан кек аздап болса да қайтқандай сезімде болар еді деп жазады біздің тілшіміз Бағдадтан.

Бұл Саддам мен оның 11 сыбайласына тағылып жатқан айыптаулар бойыншға тыңдаулар Ирақ теледидарынан көрсетіліп, ол барша жұрттың назарына ұсынылуы тиіс болатын-ды.

Саддамға тағылып отырған айыптар ол билік құрған жылдарда Ирақ күрдтерінің көтерілістері мен шиит мұсылмандарының наразылқтарын аса қатыгездікпен басып-жаншып, ондаған мың отандастарын жазықсыз өлтірді деген; Сондай-ақ Саддам жүйесі қарсылық білдіргендерді азаптау мен қинаудан тұрды деп те айыпталады. Бұрынғы Ирақ басшысы бұлармен қатар, көршілес жатқан Иран,Кувейт елдеріне соғыстар ашты, өткен жылы АҚШ пен Британияның Ираққа соғыс бастауына бірден-бір себепкер болды деген айыптаулар да тағылған болу керек.

Жалпы Саддамға қарсы айыптаулардың қандай болатындығын жинақтай келе сәрсенбі күні Ирақтың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі әл-Рубаи былай деген болатын.

-Көпшілік бауырластар зиратында жатқан жүздеген мың құрбандар, Абу-Ғраиб түрмесінде болған ондаған мың адамдар, Ирақтың басынан өткен үш соғыс, оның екеуі өз көршіілерімізбен - міне мұның бәрі адамзатқа қарсы геноцид қылмыстары,- деп атап өткен ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі. Саддамның 11 сыбайласының бірі- "химилық Әли" аталып кеткен, 1988 жылы Ирақ күрдтеріне қарсы газ шабуылын жасаған- Әли Хасан әл -Мажид. Келесі бірі-Саддамның басты көмекшісі болған Тариқ Азиз, ол БҰҰ-нда Ирақта бар деп күдіктелген жаппай қырып-жою қаруы жөніндегі ұзаққа созылған талқылаулар кезінде Ирақтың дипломатиялық өкілі болғандығы аян. Айыптар тағылып, сот жауапкершілігі жүктелгелі отырған 12 адамның бәрі де Ирақтың ресми құқық орындарының қолына АҚШ тарапынан сәрсенбі күні берілген.

Саддамның сот алдында жауап беретіндігіне байланысты Ирақтың көптеген адамдары да өз тілектері мен ойларын білдірген болатын. Солардың бірі - Хамит Лафта дейтін Бағдад тұрғыны Рейтер агнеттігіне былай деген.

-Мен Саддамның Ирақ соты алдында жауап бергенін қалар едім. Өйткені ол шамамен 5 милиондай адамның өмірін құртты, құрбан етті. Олардың көбін ол сот төрелігінсіз- ақ өлтіре салды, неге сіздер оған соншалықты көп мән беріп, маңызын арттырып отырсыздар, дереу жазалаңыздар,- дейді бұл азамат.

Дегенмен де Саддамды АҚШ саясатының құрбаны болды деп қарайтын Бағдад тұрғындары да табылады, маселен Бағдадтың Әли дейтін бір тұрғыны Саддамның тағдыры ұлттық келісім тұрғысынан шешілуі тиіс деген ойын айтқан Азаттық радиосының тілшісіне.
XS
SM
MD
LG