Accessibility links

Фалужа қаласындағы бір нысанаға кеше кешкілік АҚШ әскерилері шабуылдаған болатын.


Оған байланысты шығындар әлі нақты болмай тұр. Жергілікті аурухана өкілдері “төрт адам қаза болды” десе, кейбір ақпарат бұлақтары шығындар саны бұдан жоғары болуы мүмкін, деп отыр. АҚШ әскери өкілдерінің айтуынша, негізгі нысана Абу Мусаб әл-Зарқауидің тығылып жатқаны жері болатын. Ол Ирақтағы АҚШ күштеріне қарсы бірнеше шабуылдарды ұйымдастырды, деп күдікке ілінген еді. Сондай-ақ бүгін Ирақ Қаржы министрлігі өкілінің бірі жараланып, оның басқа екі әріптесі қаза болған екен. Мұндай шығындарға себеп- олардың ауто көліктерінде болған жарылыс. Мосулға жақын маңдағы жол жағасында болған бомбалық жарылыстан АҚШ-тық бір солдат қаза болып, екеуі жараланған екен.
XS
SM
MD
LG