Accessibility links

Кеше бейсенбіде Ирақтың бұрыңғы президенті Саддам Хұсейн алғаш рет егемен Ирақ соты алдында жауап берді.


Саддамға тағылған айыптар арасында:

1974-жылы діни қайраткерелерді опат еткен, 1988-жылы Халабджада күрдтерді газбен улап өлтірген, 1983-жылы күрдтердің Барзани тайпасын қырған, соңғы 30 жыл бойы саяси партия мүшелерін өлтіріп келген, 1986-88 –жылдары күрдтер мен шиттерді өз жерлерінен қуып шыққан жане 1990-жылы Кувейтті басып алған айыптар бар.

Өз кезегінде ол тағылған айыптарға орай Саддам Хұсейн былай деген.

- Жетінші айыпқа орай, Саддам Хұсейн Ирақтың президенті және қарулы күштердің бас қолбасшысы кезінде Кувейтке әскери күштер жіберілген делінсе, онда мен оны ресми жолмен жасағанмын, -деген Саддам Хұсейн.

АҚ үйден президент өкілі Скот МкКленнанның хабарлағынындай, Саддам мен оның бас көмекшілерінің Ирақ халқы алдында заң жолымен жауап беруіне АҚШ президенті риза екен.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Адам Ерелинің айтуынша, АҚШ үкіметі Саддам мен оның көмекшілер тобы үстінен жүргізілетін тергеу және сот үдерісіне 75 млн доллар қаржы арнапты.
XS
SM
MD
LG