Accessibility links

Ақтөбе облысында 6 адам күйдіргі індтіне шалдықты деген


Қазақстанның Ақтөбе облысында күйдіргі індетін жұқтырды деген 6 адам ауруханаға жатқызылды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай мамыр айында Республикада алғаш рет аталмыш ауыруға шалдыққан 1 науқас тіркелген болатын. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық- эпидемиалогиялық қадағалау комитетінің мәлімдеуі бойынша,елде бүгінде күйдіргі ауыруы расталған 5 адам тіркеліп отыр. Ал осы ауыруға шалдыққан деген болжамдар саны адан да көп.

Өткен хабарларымызда Шығыс Қазақстан облысында күйдіргі індетін жұқтырды деген диагнозбен үш адамның ауруханаға жатқызылғанын айтқан болатынбыз.Ал қазір олардың қатары бірнеше адамға ұлғайды. Күйдіргі дертіне шалдыққан деген күдікпен Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінен де науқастар тіркелуде.Ақтөбе облысында күйдіргі ауыруын жұқтарды деген болжаммен 6 адам , Мұғалжар аудандық ауруханаға жатқызылды. Біз Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мырзадан ақпарат алған болатынбыз. Ол кісінің айтуынша,екі жыл бұрын жұқпалы аурулардан өлімге әкеп соққан жағдайлардың болғанын айтуда. Қазақстан жылсайын алдын ала егу жұмыстарын жүргізуге 830 миллион тенге бөледі екен.

Бауыржан Байсеркиннің айтуынша , елдегі территорияның 40 пайызы вирусты жерлер.Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Амансай ауылында 17 жасар жасөспірімді кене шағып алған. Ол жігіт инфекциялық ауруханаға «безгек» диагнозымен жатқызылып отыр.

Мамандардың сөзіне сүйенсек ,Бүгінде республикалық сан-эпидстансада белгілі-бір ауруды анықтау үшін зертханада өсірілетін тышқандарға ауырыдың таяқшаларын егіп, оның нәтижесін 10 күннен аса уақыт күтеді.Себебі Республикалық санитарлық- эпидимиалогиялық стансадан бастап облыстық, қалалық және аудандық мекемелерде 30-40 жыл бойына қолданып келе жатқан құрал –жабтықтардың ескілігі.Оларды жаңарту үшін 9 миллиард теңге қажет, бұл жөнінде Республикалық санитарлық – эпидемиологиялық стансаның бас дәрігері Кеңес Оспанов айтқан болатын . Оның айтуынша мемлекет бұл жобаны алдағы 5 жылда жүзеге асырмақ.
XS
SM
MD
LG