Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметінше үстіміздегі жылдың қыркүйектің 19-да болатын Парламент Мәжілісіне сайлауға жеті млн. ға жуық тұрғындар қатысуы тиіс.
Ал Ішкі істер министрлігі олардың екі жарым млн.нының куәліктеріне ғана штрих кодтар жапыстырып үлгергендігін айтады. Шілденің бірі күні өткен Үкіметтің отырысында Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Мұхаммеджанов Орталық сайлау комиссиясы мен құқық қорғау органдарына сайлау күніне дейін жеті млн. сайлаушылардың барлының куәліктеріне штрих кодтар жабыстыруға тиіс деген тапсырма берді. Алайда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында электронды сайлауға келгенде, ең алдымен сайлаушылардың дайындығын білу керектігін айтты: «Заңда электронды сайлау жүйесін көрсеткенімізбен, мен өзім оған дұрыс не болмаса, бұрыс деп баға бере алмаймын. Бірақ әрине бұл жерде күдік аз емес. Сондықтан оны іс жүзінде енгізу үшін өте абайлықты талап етеді».
Ал тұрғындар электронды дайуыс беруге дайын ба, жалпы Парламенттің бес жылғы жұмысына қалай баға береді?!
Астана тұрғындары:
– Парламент депутаттары не істейді, ешнәрсе істемейді. Биліктің айтқан тапсырмасын ғана орындайды. Мен өзім электронды сайлауға дайын емеспін. Тіптен әлгі штрих кодын да әлі алған жоқпын.
– Күзде болатын сайлауға міндетті түрде қатысамыз. Электронды дауыс берудің не екенін білмеймін.
– Сайлаудың әділ өтетініне сенбеймін. Ал электронды сайлауды елмен бірге көре жатармыз.
Сауалнама барысында Астана жұртшылығының көпшілігі электронды дауыс берудің не екенін білмейтін болып шықты. Ал басқа облыстар, ауылды жерлерде электорнды сайлау жөнінде әңгіме айтудың өзі артық болып тұр.