Ирақтағы экстремистік топ ұрлап алып кеткен америкалық теңізші жауынгердің тағдыры беймәлім. Ас-Сунна Ансар деп аталатын лаңкестіп топ интернет парағында теңізші жауынгер Уассиф Әли Хассунды асып өлтіргенін хабарлады. Бұл Ирақтағы соңғы 2 айда болған үшінші төтенше оқиға. Ал осы кезде Ирақта тосын шабуылдар үдей түсуде. Ирақтың ұлттық ұланы орналасқан Бадуба қаласында бомба қойылған автокөліктің жарылысынан 3 адам қаза болып, біреу жарақат алды. Автокөліктің рулінде жанкешті отырды.
Ирақтағы экстремистік топ ұрлап алып кеткен америкалық теңізші жауынгердің тағдыры беймәлім.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?