Қазақстанда Мемлекеттік қызмет мектебі құрылып, мектептің алғашқы түлектері шілденің 3-і күні қолдарына дипломдарын алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет Агенттігінің қолдауымен ашылған мектептің алғашқы конкурстық іріктеуіне 100 үміткер қатысса, олардың 20-сы сынақтан сүрінбей өткен. Енді олар бітірген мамандықтары бойынша Қазақстанның мемлекеттік қызмет салаларында еңбек ететін болады.
Қазақстанның жастар конгресі және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақы түлектері қауымдастығының мемлекеттік қызмет Агенттігінің қолдауымен ашқан мемлекеттік қызмет мектебіне алғашқы тыңдаушылар биылғы жылы наурыздың 1-нде қабылданған. Мемлекеттік қызмет Агенттінің төрағасы Ғабидолла Абдрахимов «Мектепті ашқандағы басты ой - еліміздің білікті жастарын, оның ішінде 3-4 курс студенттерін даярлап, мемлекеттік қызметке тарту. Оларға жоғары оқу орындарын бітірмей тұрып мемлекеттік қызмет жайлы ақпарат беру, таныстыру», дейді.
Конкурстық іріктеуге қатысқан 100 адамның ішінен 20-сы оза шауып, қолдарына диплом алды. Мемлекеттік қызмет мектебінде оқу барысында студент тек қана білім алып қоймай, жұмыс берушілермен танысу мүмкіндігіне ие болады. Мұнымен қоса, аталған мектепті бітірген жастарға шетелдерге барып оқуға дайындалу қажеттігі, шет тілдерін білу керектігі де айтылған. Алайда, мемлекеттік тілге аса мән берілмей отыр. Мемлекеттік қызмет мектебінің оқу жөніндегі проректоры Мадияр Қожахмет «Қазіргі кезде жастардың арасында мемлекеттік тілге жетік жастар аз. Бұл – алғашқы түлектер болғаннан кейін, біздің тарапымыздан ондай кемшілік болды. Алдағы уақытта көңіл бөліп, қарастыратын боламыз», дегенді айтты.
«Мемлекеттік қызмет мектебін бітіргендерге берілген диплом біріншіден, құқықтық жағынан заңдастырылған, екіншіден мемлекеттік қызметке тұру кезінде туындайтын бәсекелестік кезінде де ұтар тұсы басым», - дейді аталған мектептің құқықтық-реттеу саласының деканы Жәлел Жүзбаев.
Аталған мектепті бітіруші Қойшыбаева Айнаш Қазақстанның Ақпарат министрлігіне орналасып та үлгерген. Ол осы мектепті бітірген жастарды «дайын маман» деп есептеуге болады деген ойда. «Біз оқу орнында алған теориялық білімімізді практика жүзінде шыңдауымызға мүмкіндік мол. Бұл мектептің жақсы нәтиже береріне сенімдімін», дейді.
Ал Қазақстан жастар конгресінің баспасөз-хатшысы Әйгерім Түгел мектепті бітірген жастардың, әсіресе, студенттердің жақсы орындарға орналасуына мүмкіндік бар, әрі алдарынан даңғыл жол ашылады деп есептейді. «Бұл-Қазақстан жастар конгресінің ұйымдастырып отырған алғашқы және соңғы жұмысы емес, бұдан басқа да үлкен-үлкен жобаларды жүзеге асыру ойымызда жоқ емес», деді.
Мемлекеттік қызмет мектебінің алғашқы түлектері мемлекеттік құқық, мемлекеттік-экономикалық реттеу, әлеуметтік-саяси технология мамандықтары бойынша білім алды. Ал келесі тыңдаушылар қыркүйек айында қабылданатын болады.