1990-шы жылғы Балқан соғысындағы оның рөліне байланысты сот үдерісі бұдан екі жыл бұрын басталған болатын. Милошевич өзін -өзі қорғайтын заңгер ретінде арнайы бөлінген 4 сағат ішінде өз ісін баяндап шығуы тиіс еді. Өз атынан куәгер ретінде сөйлеуге оның кімді таңдайтыны әл-әзір белгісіз. Оған қарсы 60-тан аса соғыс кезіндегі қылмыстар мен жалпы адамзатқа қарсы қылмыс-айыптар тағылып отыр. Егер бұл істер дәлелденген жағдайда Милошевич өмір бойғы абақтыға жабылатын болады. Алайда оның қан қысымының жоғарылап кетуі себепті, трибунал өкілдері бұл істі кейінге қалдырды.