Accessibility links

Ирақтағы астыртын қарулы топ өзі тұтқындап алып кеткен АҚШ-тың теңіззі жауынгерін “қауіпсіз” жерге орналастырғанын мәлімдеді.


Ирақтағы исламдық қарулы топ өзі тұтқындап алып кеткен АҚШ-тың теңіззі жауынгерін “қауіпсіз” жерге орналастырғанын мәлімдеді. Арабтардың “Әл-Джазира” телеарнасы арқылы “Исламның жауабы” атты бұл топ АҚШ армиясының капралы Уоссиф Әли Хассоунның қарулы күштердің қатарынан кетуге уәде бергенін хабарлады. Аталмыш топ сенбі күні АҚШ жауынгерін асып өлтіргенін хабарлап, кешірек оны өзі жоққа шығарды. Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ-тың әуе соқысынан кем дегенде 10 адам қаза болды. Басқа ешқандай мәлімет жоқ. Соңғы кезде АҚШ ұшақтары Әл-Фаллуджадағы иорданиялық лаңкес Әбу Мусаб Әз-Зарқауидің сарбаздары паналады деген баспана-ғимараттарға әлденеше рет соққы берді.
XS
SM
MD
LG