Қазақстан парламенті депутаттары демалысқа кетіп бара жатып, «Алматы қаласының мәртебесі туралы» заңға енгізілетін түзетулерді президент назарына ұсынған болатын.
Кеше Қазақстан президенті аталған заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. Алайда бұл заң түзетулеріндегі әсіресе жер учаскелерін алу мерзімдерінің қысқартылуына бірқатар қала азаматтары наразылық білдіріп, бұл түзетулердің қарапайым қала тұрғындарының құқын шектейді деп отыр.
«Алматы қаласының мәртебесі туралы» заңға енгізілетін түзетулердің басты ерекшелігі енді оған сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардан мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алу мерзімдері қысқартылады.
Алайда бұл қазірде құрылыс салу қарқынды жүріп жатқан Алматы қаласы үшін өзекті мәселе екені белгілі. Себебі, жергілікті билік пен жеке және заңды тұлғалар арасында жер дауы осыған дейін де жиі туындап келе жатқан болатын.
Осы ретте енді мына жаңа заң өзгертулері бұл мәселедегі жайтқа қалай әсер етуі мүмкін – жағдайды ушықтыра ма, жоқ әлде жеңілдете ме?
Міне, осы сұрақты алдымен Алматы қалалық мәслихаты комиссиясы төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаевқа қойған едік, ол бұл қадам тек қаланы көркейту мәселесінен туындаған шара екенін айтты.
Дегенмен депутат Амалбек Тшанов бұл түзетулердің қарапайым халық үшін жұмыс істей қоятынына күдіктенетіндігін жеткізді.
Сондай-ақ көп балалы аналардың «Ғибрат» атты қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәрпия Бұтабаева жер мәселесі бұрыннан даулы еді, енді әлгі түзетулерден соң тіптен ушыға түспесе жарар деген пікірін білдірді.
Ал депутат Амалбек Тшанов бұл түзетулер қарапайым халыққа тағы да қырын келсе, олардың парламентке шағымдануын өтініп отыр.