Accessibility links

Хелманд провинциясының басшысы Хажы Манаф Хан едәуір жарақат алды.


Оның себебі, Талибандық шабуылшылар оның көлігіне от қойған болатын. Кешегі осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен талибандық бір жауынгер ұсталған екен. Ал, Мазари-Шарифтегі полиция бекеттерімен бірге 100-ге жуық Ауған Ұлттық полиция жасақ қызметкерлерін жергілікті қолбасшы, генерал Атта Мұхамед жауынгерлері қолға түсірген екен. Мұндай оқиғаның қашан орын алғаны да белгісіз болып тұр. Хабарларға қарағанда Атта Мұхамед және полиция басшысы Мұхамед Акбар Хакризвар арасында есірткі істеріне байланысты теке-тірес барға ұқсайды.
XS
SM
MD
LG