Accessibility links

Британ премьер-министрі Тони Блэр Лондонда жойқын қару Ирақта ешқашан табылмайтынын мойындады, бірақ...


Британ премьер-министрі Тони Блэр Лондонда жойқын қару Ирақта ешқашан табылимайтынын мойындады. Соған қарамастан ол АҚШ пен Ұлы Бритаияның Ираққа басып кіргенін ақтауға тырысып бақты. Ирақтың уақытша үкіметі биліктің партизан жасақтарына қарсы күресіне көмек ретінде бүгін бірқатар төтенше шараны жүзеге асыратынын жариялайды. Үкімет мүшелерінің атап көрсетуінше, үкіметке комендент сағатын тағайындау, тексеру-күзет бекеттерін ашу, күдіктілердің іздерін кесіп, тұтқындау сынды қосымша құзыр берілуі мүмкін. Сейсенбі күні Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Халис қаласында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кем дегенде 9 кісі қаза болды. Бұл жарылыс одан бұрынғы қастандықтың құрбандарын жерлеу кезінде болды.
XS
SM
MD
LG