Accessibility links

“ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы басшысы М.Ходорковский компания маңайындағы салық төлемдері бойынша жанжалды басу үшін өз меншігіндегі акцияларды басқа компанияға не сатуға, не беруге дайын.


Британдық “Файнэншл таймс” газетінің хабарлауынша, “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский компания маңайындағы салық төлемдері бойынша жанжалды басу үшін өз меншігіндегі акцияларды басқа компанияға не сатуға, не беруге дайын. М.Ходорковскийдің қолында “ЮКОС”-тың 44 пайыз акциялары бар. “Файнэншл таймс” газетінің ақпары бойынша, “ЮКОС”-тың ұсыныстары тізілген хат Ресей премьері М.Фрадков пен қаржы министрі Алексей Кудринге жолданыпты.
XS
SM
MD
LG