Тажиде АҚШтың негізгі әскери базасы орналасқан. Ал Бағдадтан 60 шақырымдай солтүстік-шығыс аймақтағы Халес ауданында болған жанпидашылық көлік бомбы жарылысынан 9 адам опат болып, 37 кісі жарақат алған. Бүгін таңертең Бағдадтың Жасыл зонасына снарядтармен соққы берілген. Ол арада Ирақ үкіметтік кеңселері, Британия мен АҚШтың елшіліктері орналасқан.
Сондай-ақ, Киркукте бетперделі қарулы топ полиция бекетіне шабуыл жасап, 4 кісіні жаралаған.