Accessibility links

Алматыда «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өтіп жатыр


Шілденің 8 сі күні Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінде «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы мен Жоғарғы технологиялар институтының ұйымдастыруымен « Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты 3-ші халықаралық ғылми-тәжірибелік конференция өз жұмысын одан әрі қарай жалғастырды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Франция, Канада, Германия, Ұлыбритания, Полыша, Украйна, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Жапониядан келген ғалым мамандар қатысып отыр. Сәрсембі күні Алматыда ашылған конференцияның екінші күні яғни бейсенбі күнгі жиында уран өнеркәсібінің қалдықтары жалпы ядролық қалдықтар мәселесі сөз болды.

Қазақстан Ұлттық «Қазатомпром» компаниясының президенті Мұқтар Жәкішев өткен жылы шетелдің ядролық қалдықтарын Қазақстанға әкеліп көмудің Қазақстан үшін экономикалық жағынан тиімді болатындығын айтқан соң Қазақстанда бұл үлкен пікір таласқа ұласып, табиғат қорғау, экологиялық ұйымдар мен кейбір қоғамдық ұйымдар бұған қарсы түрегелген соң жағдай ақырындап бәсеңсиін деген еді.

Алматыда өтіп жатқан жиында М.Жәкішев әлі де осы ойынан таймағандығын тағы бір рет дәлелдеп айтып салды. М.Жәкішевтің айтуынша шетелден әкелінетін ядролық қалдықтар онша көп болмайды керісінше Кеңес заманынан Қазақстанға енші болып қалған ядролық қалдықтар өте көп шамасы екі миллион тоннадай болмақ. Ядролық қалдықтары үшін шетелдің берген ақшасына осы қазақстандағы қалдықтарды да қоса көмсек бұл Қазақстан үшін тиімді болмақ дейді М.Жәкішев.

Ал Қазақстанның жоғарғы технологиялар институтының аға ғылми қызметкері Болат Ахметовтың айтуынша ядролық қалдықтарды Қазақстанда көму мәселесінің ілгері жүрмей тұруына екі түрлі себеп әсер етуде. Біріншіде халық «уран», «атом» деген сөздерді естігенде соншама үрейленеді екіншіде табиғатты қорғау, экологиялық ұйымдар бұған үлкен қарсылық танытып отыр. Алматыдағы халықаралық жиын өз жұмысын шілденің 9 ы күні аяқтайды.
XS
SM
MD
LG