Нангахар уалайатының Қоғияни ауданында болған ол жарылыста жүргізуші мен тағы бір әйел опат болды. Аудандық полиция бөлімі бастығы Мохаммад Омардың Ауған İслам пресс агенттігіне хабарлауынша, көлік өтіп бара жатқан кезде ол минаны жырақтан тұрып жарған. Қыркүйек немесе қазан айында өтетін сайлау алдынан Ауғанстанның бір қатар аудандарында осындай қасақана шабуылдар болып тұр.