Бас министрдің мәлімдеуінше, осетиндер бір гүржі сарбазын ұрлап әкеткен. Шайқас Курти және Тамарашени қыстақтары арасында болған.
Ал , сәрсенбі күні Гүржістанның Оңтүстік Оссетия уалаятынан бір топ жікшілдер Венати қыстағына басып кіріп, ол жердегі үкіметтік бейбітшілік күштерін қарусыздандырып 40 шақты сарбазды тұтқындаған болатын. Сондай-ақ, олар қыстақтағы гүржілер тұратын үйлердің бәріне кіріп, тінту жүргізген. Гүржістандағы бұл соңғы күрделі жағдайға орай Ресей сыртқы істер министрлігі өкілі Александр Яковенко екі тарапты сабырлық сақтауға шақырып,
--Заңдық талап нормасын бұзбауға және жағдайды одан әрі ұшықтармауға Мәскеу үндеп отыр, - деген
Ал бұдан бір күн бұрын Гүржі күштері Оңтүстік Оссетияға қару-жарақпен келе жатқан орыс әскерлерін және олардың көліктерінiң жолын кескен болатын. Ресей ол көлік керуеніндегі құрал-жабдықтардың бейбітшілік топтарына арналғандығын айтқанымен, Гүржістан Ресей жікшілдерді қару-жарақпен қамтамасыз етуде, деп айып таққан. 1992-жылдан бері өз тәуелсіздігін жариялаған Оңтүстік Оссетия елін президент Саакашвили Гүржістан құрамына қайта қосу әрекетінде жүр.