Accessibility links

Моңғолияда Парламент сайлауы өтіп оның алғашқы қортындылары жарияланды


Шілденің 9-ы күні Алматыда Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дамдинжавын Дашням Моңғолияда өткен парламент сайлауының қортындылары және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым қатынас мәселесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Моңғол елшісінің айтуынша парламент сайлауы маусымның 27 сі күні өтіп оның алғашқы қортындысы шілденің 7 сі күні жарияланып отыр. Моңғолияның парламенті яғни Их Хуралы бір палаталы, 76 мүшесі бар 4 жылда бір рет сайланатын парламент. Моңғолияда ресми тіркелген 22 саяси партия бар.

Соның 8-і биылғы парламент сайлауына өз адамдарын ұсынды. Парламенттің 76 орны үшін барлығы 262 үміткер сайысқа түскен. Моңғолияның Орталық Сайлау комиссиясының берген мәліметіне қарағанда осыған дейін билік ұстап келген бұрынғы коммунистік партия яғни Моңғолияның Халық Революцияшыл Партиясы осы жолғы сайлауда 36 орын иеленген болса Отан-Демократиялық Одақ 34 орын, Халқ Партиясы-1 орын және дербес өз аттарын өздері ұсынған тәуелсіз үміткерлер 3 –орын иеленген. Ал 76 сайлау округінің 2 сайлау округінде заң бұзушылық орын алып, осы екі сайлау округунде қайтадан сайлау өтілетін болып отыр.

Моңғолияның батыс өлкесі Баян-Өлгей аймағында тұратын қазақтар да сайлауға қатысып, 3 сайлау округіне 8 үміткер таласып, Отан-Демократиялық каолиция атынан түскен Сайран Қадырұлы, Мұрат Әукетайұлы және Бәкей Ақзарұлы Моңғолия парламентінің депутаттары болып сайланды. Шілденің 9 ы күні Моңғолия парламенті өзінің алғашқы отырысын өткізген. Алайда екі сайлау округіндегі әлі белгісіз жағдай және де кейбір сайлау округтерінде заң бұзушылық фактілері орын алғандықтан ескі коммунистер мен жаңа демократтар үкімет жасақтау мәселесінде бір мәмілеге келе алмаған.
XS
SM
MD
LG