Accessibility links

Түрме саласы мамандары бас қосты.


Бүгінде Қазақстан түрмелерінде 49 мыңға жуық адам әр түрлі қылмыстарына байланысты жазаларын өтеуде. Мамандардың айтуына қарағанда,осыдан он жыл бұрын түрмедегілердің саны бұл көрсеткіштен 35 пайызға жоғары болған екен.Қазақстан заңы мен түрме жүйесіндегі кейбір өзгерістер абақтыда отырғандардың санын азайтқанмен,бас бостандығынан айырылғандардың бәрінің бірдей құқығы сақталып отыр деуге ерте,әсіресе жазаланушылар мен бақылаушылар арасындағы қарым қатынасты реттеуге көңіл бөлу керек,- дейді Қазақстан адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетова.Шілде айының 9 күні Алматыда Әділет министрлігі,қылмыстық атқару комитеті мен үкіметтік емес ұйымдар мамандары бас қосқан жиында түрме жүйесіндегі проблемаларды бірлесе шешудің жолдары туралы әңгіме қозғалды.

Қазақстан абақтыларындағы жағдай бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жақсарды дейді Қазақстан адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетова . Бірақ,осыдан бірнеше жылдар бұрынғы түрмедегі жағдайдың қандай болғанын ұмыта қойған жоқпыз.Түрмеде тамақ пен жатар орынның жетіспеушілігі бас бостандығынан айырылған талай адамды ауруға душар етті.Тіпті,сол кезде емдейтін дәрі де тапшы болған. Соның салдарынан туберкулез және басқа да аурулар түрмеде еркін қыдырып жүрді дейді заңгер.

Соңғы жылдары Қазақстанның түрме жүйесінде көптеген реформалар іске асырылды.Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірігіп,бас бостандығынан айырылғандардың құқығын қорғайтын түрлі құжаттар қабылдады.Дегенмен, осындай өзгерістер бола тұрса да , бізді бұл жүйеде әлі де мазалайтын сұрақтар бар ,міне бүгінгі бас қосудың негізгі мақсаты осы дейді Жеңіс Тұрмағанбетова.

Қазақстан әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті басшылығының бастығы Владимир Семушкин кемшіліктердің болғананын жасыра алмаймыз.Бірақ өзгерістер бар. Және біз мұнымен тұрып та қалмаймыз. Түрлі ұйымдармен біріге отырып халықаралық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге ат салысамыз дегенді айтып отыр.

Солтүстік Қазақстан обылысы қылмыстық атқару жүйесі басқармасы бастығының бірінші орынбасары, әділет польковнигі Марат Ысмағұлов түрмеде бас бостандығынан айырылып отырғандар әр түрлі жағдайларға тап болғандар.Олардың бәрі бірдей бас бұзып, адам өлтіргендер емес.Тіпті қандай жағдайда да оларға адамгершілік сезіммен қарау керек . Бас бостандығынан айырылғандардың енді қателеспей,дұрыс жолға түсуіне ең алдымен түрме қызметкерлері тарапынан көмек болуы керек дегенді айтады.

Ал,Астаналық әділет польковнигі Ибрагим Мұхтарұлы Қазақстан түрмелерінде отырғандардың бәрін бірдей еңбекпен қамтамасыз етудің мүмкіндігі жоқтығын алға тартады.Қазір осы бағытта түрлі шаралардың қолға алынып жатқанын және бүгінгі бас қоуда осы мәселеге мән берілсе деген ой қозғайды.

Түрме жүйесіндегі ең басты тағы бір мәселе бұл жазаланушы мен түрме бақылаушылырының арасындағы қарым –қатынас. Соңғы кездері Қазақстан түрмелерінде орын алған оқиғалардың біразы абақтыда отырғандарды бақылаушылардың таяққа жығуына байланысты болып отыр.Түрмедегі адам бас бостандығынан ғана айырылды,ал ол өзінің құқығынан айырылған жоқ, сондықтан біз оны барлық жағынан қорғауымыз керек дейді Жеміс Тұрмағанбетова.Ол әсіресе,шетелдік абақтыларда бірде бір бақылаушының қолына жазалаушы құралдарды алып жүрмейтінін айтады.

Ал,Қазақстандық түрме бақылаушыларының қолынан түспейтін ол таяқ кез келген мезетте жазаланушыға қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін алға тартады.
XS
SM
MD
LG