Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07-10-2004


Күзде өтетін парламенттік сайлау қандай нәтижелерге жеткізуі мүмкін? Сайлау қарсаңында партиялар саяси блоктарға бірігуі мүмкін бе? Бұл орайда басылымдардың соңғы сандарында әр қилы пікірлер айтылып,түрлі жорамалдар жасалған.

Алдағы сайлаудың қалай өтетіндігі жайлы түрлі жормалдар айтылуда. Мәселен, Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының басшыларының бірі Асылбек Қожахметов “Московский комсомолец в Казахстане” газетінде күзгі сайлаудың өтуінің екі нұсқасы бар деп есептейді. Бірінші – сайлау аз-кем әділ және таза өтеді. Мұндай жағдайда парламентке көптеген оппозиционерлер өтіп, олар ондағы сын пікір білдіретін аз шоғырды жасақтайтын болады. “Мұны барлығымыз қалап отырмыз”, - дейді партия басшыларының бірі Асылбек Қожахметов. Оның айтуынша, “екінші нұсқа бойынша сайлау әділетсіз өтіп, оппозицияның тек санаулы өкілдері ғана алға шыға алады. Онда оппозицияға дауыс берген азаматтардың билікке деген сенімі жоғалады”, - деп пайымдайды Асылбек Қожахметов. Ал саясаттанушы Нұрболат Масановтың “Сөз” газетіндегі сөзіне қарағанда, “Ақ жол” сайлауда партиялық тізім бойынша 10 пайыздан 20 пайызға дейін, Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы 7-ден 10-ға дейін, коммунистер 10-нан 12 пайызға дейін дауыс жинай алады- дейді саясаттанушы. Оның пікірінше, егер бұл оппозициялық партиялар біріксе, ең көп дегенде 12-15 пайыз дауыс алуы мүмкін. Сол себептен, Нұрболат Масанов, парламенттік сайлауға оппозициялық партиялардың жеке дара қатысқандарын жөн санайды. Сонда олар жабылып 30-35 пайыз дауысқа қол жеткізуі ықтимал, -дейді саясаттанушы. Ол өзінің “Вести Павлодара” газетіне берген сұқбатында бір мандатты округ бойынша 50 пайыз дауысты “Отан”, 20 пайызды “Асар” алатындығын топшылайды. “Содан соң “Отан” мен “Асар” бірігіп блок құрып, бастапқы кезеңде спикерлікке Дариға Назарбаеваны сайлайды. Келесі кезекте Назарбаева сенат спикері болып, билік жалғастығының механизмі әзірленеді деп есептейді сарапшы.

Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың да алдағы сайлауда президенттік “Отан” партиясының алға шығатындығын топшылап отырғандығын жеткізеді “Айқын” газеті. Кеңесшінің айтуынша, “Отан” партиясы парламентте басым орын алса, екінші кезекте Аграрлы-Азаматтық сайлау блогы жеңіске жетеді. Ал үшінші орынға ол “Асар” партиясын қойып отыр екен. Ертісбаев “Отан” партиясының ықтималды жеңісін оның лидері президент Нұрсұлтан Назарбаев екендігімен және “Отан” сөзі миллиондаған Қазақстан халқы үшін нақты реалды ұғымдарға айналғандығымен түсіндіріпті.



Ал “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Әлихан Байменовтің “Ассанди таймс” газетінде “Отан” партиясына жергілікті биліктің қолдау көрсетуі дұрыс емес деп есептейді. Оның айтуынша, Қазақстан президенті “Отан” партиясының кандидаты ретінде сайланған жоқ. Әкімдер “Отан” партиясынан жалақы алмайды. Жергілікті билік “Отан” партиясы атынан сайланған емес. “Оған қоса партиялаға тең құқы беретін Конституцияны ешкім алып тастаған жоқ”, - дейді “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы. Ол өз сұқбатында сайлау қарсаңында бірлесе қимылдау жөнінде жан-жақтан түрлі партиялардан ұсыныстар түсіп жатқандығын жеткізеді.

Қоғамдық саяси тіршілікте өз орны бар партиялардың одақ құруы алдағы сайлаудың оңай болмайтындығын дәлелдейді деп есептейді “Астана нұр” басылымы. Оың сөзіне қарағанда, Аграрлы және Азаматтық партияның блок құруын кейбір сарапшылар “біресе құрылып, біресе жабылып жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге айналдыруы мүмкін деп бағалап отыр”.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG