Нешеме ғасырлардан бері сақталып келе жатқан осындай келеңсіз әдеттердің құрбанына айнала жаздаған ерлі-зайыптылар радиомыздың тілшісімен сыр бөліскен болатын. Пәкістандық доктор Амнат Соланги өзі сүйген адамына тұрмысқа шыққалы бері қуғында жүр десе болғандай. Бауырларынан “қолға түссе өлтіреміз” деген хабар алысымен алғашқы сәтте жас жұбайлар қыз төркінімен тіл табысуға тырысқан екен. Өздеріне тілектес боп жүрген ағайындарды араға салады. Алайда жауап мығым еді. “Біздің келісімімізсіз күйеуге шығып, төркіндерін жерге қаратты. Енді оларды қалайда өлтіреміз,”-деген сәлем жеткеннен кейін-ақ жас жұбайлар өмірінен маза кетеді. Олар амалдың жоқтығынан елдің оңтүстігіндегі, өз мекендері Синдх провинциясының Моро қаласынан көшіп кетуге мәжбүр болған. Содан бергі екі жыл ішінде жас жұбайлар үздіксіз тұрақ-мекендерін ауыстырумен келеді. Аманаттың сөзіне қарағанда, оның бауырлары мұның күйеуінен ажырасуын ғана талап етіп қоймай, сондай-ақ айып-пұл ретінде жігіт жағының оларға екі әйелді тегін беріп, оның үстіне 44 мыңдай доллар ақша тапсыруын талап етіп келеді екен. Олай болмаса, жігіт туыстары 435 мыңдай доллар төлеуі тиіс болып отыр.
Аманаттың жолдасы доктор Ғұлам Мұстафа Солангидің айтуынша, мұндай өмірден ерлі-зайыптылар моральдық жағынан да, тұрмыстық жағынан да әбден шаршаған. Әйелінің бауырлары мұның екі қыз туыстарын ұстап әкетіп, екі аптадай қинауға салған, сондай-ақ бір немере бауырына шабуыл жасаған екен. Сол шабуылдардан бері Ғұлам Мұстафаның 35-тей туыстары Моро қаласынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Ғұлам мырза бұл жөнінде: “Осы айтылған оқиғалардың барлығы да Пәкістанның жоғарғы дәрежедегі білімдері бар, кәсіби мамандық иелерінің, біздің басымыздан өтіп жатыр. Ал, енді арнайы білімі жоқ, қарапайым халықтың тағдырында нелер болып жатқандығын елестетіп көріңізші. Олардың жағдайында, тіпті мұндай қайғылы оқиғалар тиісті жерлерге хабарланып та жатпайды. Дәл осындай қайғылы халді басынан кешіп жатқан азаматтар Пәкістанда жетерлік”- деді. Сипатталған бұл оқиғалар Пәкістандағы осындай бір келеңсіз дәстүрдің сақталып келе жатқандығына дәлел болса керек. “Әулет абыройы үшін” деп әйелдерді өлтіру Пәкістанда да заңсыз деп танылады. Ал, елбасы Мушараф ондай оқиғалардың алдын-алу үшін заңдарды арнайы баптар арқылы одан әрі қатайта түсуге шақырып келеді. 1998-ші жылдан бері ел бойынша, осындай себептермен, 4 мыңдай әйел баласы өлтірілген екен.
Пәкістандағы Адам құқықтарын қорғау ұйымы өкілдерінің пікірінше, бұл қылмыс елде әйелдерге қарсы қолданылып келе жатқан кемсітушіліктің бір түрі ғана болып отыр. Урми Шах атты осы ұйым өкілінің айтуынша, мұндай әйел өлтірулер Оңтүстік Азия елдерінен Британияға, Швецияға қоныс аударған отбасы мүшелері арасында да кездесіп қалады. Ол қылмыскерлер заң алдында жауапқа тартылған екен. “Консервативтік бағыттағы кейбір мұсылман басшыларының кесірінен ислам діні беделіне нұқсан келіп отыр. Ислам діні шарттарын теріс түсіндіру салдарынан осындай оқиғалар белең алуда”-, деді Шах ханым.