Accessibility links

Тағы бір қазақстандық банк Қырғызстан қаржы базарына кірді


Шілденің 14-ші күні "АТФ Банк" яғни Алматы сауда-қаржы банкінің басшылары банк активтерінің 1 миллиард 76 миллион теңгеге артқанын және осы банктің Қырғызстанда қаржы көлемі мен дамуы жағынан алдыңғы банк саналатын "Энергобанктің" 34,4 процентік акциясын сатып алғандығын жария етті.

"АТФ Банк" басқармасының бастығы Тимур Исатаевтың айтуынша, акционерлері «Қырғызалтын» және «Қырғызэнерго» компаниялары болып табылатын және 2003 жылды 400 мың доллар таза табыспен аяқтап, негізгі көрсеткіші бойынша Қазақстанмен көршілес мемлекеттердің жетекші банктерінің арасында бестікке кіретін "Энергобанктің" алдымен 34,4 проценттік акциясын сатып алу жөніндегі келіссөздер табысты аяқталды. "АТФ Банк" келесі жолы осы қырғыз банкінің 19 проценттік акциясын сатып алуды жоспарлап отыр. Банктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, "АТФ Банк" Қазақстандағы алдыңғы төрт банктің бірі деп саналады, оның 2004 жылғы 1 маусымдағы жинақ активі 146,9 миллиард теңге яғни 1076,2 миллион долларға жеткен. Жыл басынан бергі активтің өсімі 53,3 процент болып отыр. "АТФ Банк" ірі өндірістік кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады, орта және шағын компанияларға несие береді, тұтынушылық кредитті дамытады. Банк басшыларының айтуларынша банк тұрғын үй салу бағдарламасын іске асруға де белсенді қатысып,заңды тұлғаларға тұрғын үй сатып алуларына деп ипотекалық несиелерді 10 жылға жылдық 13 процент өсімге беріп келеді. Алайда, несие қайтаруды 13-15 жылға дейін созып, жылдық процентік өсімді азйтудыда ойластырып отырмыз деді АТФ банк басшылары.
XS
SM
MD
LG