Accessibility links

Британ Кеңесі жас мамандарды Ұлыбританияға оқуға жібереді.


Қазақстан жастарының шет елде білім алу мүмкіндігі жылдан- жылға өсуде. Британ елшілігі жанындағы Британ Кеңесінің «Чивнинг» бағдарламасы бойынша 9 жас маман білімін шыңдауға Ұлыбританияның бірнеше қалаларына аттанғалы отыр.Олардың 5-уі Қазақстаннан, қалған 4-еуі Қырғызстаннан. Бұл бағдарлама арнайы жоғарғы білімі бар, мамандығы бойынша екі жыл жұмыс жасаған жас мамандарға арналған.

Шет елде оқуға мүмкіндік беретін ұйымның бірі-Қазақстандағы Британ Кеңесі.Оның Алматыдағы кеңсесінде биылғы жылдың «Чивнинг» бағдарламасының стипендиаттары белгіленіп, оларға арналған брифинг өтті.

«Чивнинг» бағдарламасы Қазақстан мен Қырғызстанда 1994 жылдан бері жұмыс жасайды.Аталмыш бағдарлама аясында Қазақстан мен Қырғазстанның 150 маманы Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарында екінші білім алып және халықаралық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, менеджмент, құқық, экономика, мемелекеттік басқару, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және телекомуникация салалары бойынша маман болып шықты. Ұлыбритания елшілігінің ішіндегі Британ кеңесінің қоғамдық байланыс жөніндегі менеджері Бақыт Мұқанованың айтуынша, биылғы 400-ге тарта үміткерлердің 9 –ы ғана Ұлыбританияның бірнеше қалаларында білім алу мүмкіндігін иеленді.Шет елде білім алу үшін жүргізілетін іріктеу көпсалалы. Ол алдымен құжаттар байқауы, сұхбат, ағылшын тілін білуі жөнінде тест тапсыру.Құжаттар қыркүйектен бастап қабылданады.Байқаудың өзі күз аяғында, ал соңғы шешім ақпанда шығарылады.Стипендия бір жыл мерзіміне беріледі және оған оқу төлемі, тұратын орны, басқа да шығындар кіреді.

«Чивнинг» бағдарламасы бойынша 2002-2003-ші жылдарында Ұлыбританияның ең көне оқу орындарының бірі Глазго университетінде оқып қайтқан Аслан Танекенов, ол жақтағы оқу мен осы жердегі білім жүйесінің айырмашылығы бірінші күннен-ақ байқалады дегенді айтып отыр.Ол біріншіден ол жердегі қатаң жүйенің жұмыс жасайтындығында.Ол университетте ең бірінші студент өз басын іске қосу керек .Сен мейлі президенттің баласы бол, мейлі жұмысшының баласы бол барлығың бір жүйеге бағыныуың керек. Асланның айтуынша,жастарға бүгіндегі бар мүмкіндіктерді пайдаланып қалу керек. Қазақстан жастарын шет елде білім алуына мүмкіндік беретін Сорос-Қазақстан қорыда жылына шамаммен 30- ға шақты адамға жолдама береді.Биылғы үміткерлердің алғашқы тобы белгілі болды.Бұл жөнінде ақпарат және кеңес беру орталығының қызметкері Айгүл Нұрпейсова хабарлаған болатын.

Шілдені 12-сінде Республикалық комиссия «Болашақ» бағдарламасының стипендияттарын белгілеу жұмыстарын жүргізді.Биылғы жылдың стипендиясы шет елдің білім ордаларына өздері түскен жастар арасында тағайындалатын болып отыр.Мұндай үміткерлер саны 28 адам екен.Олардың 5-еуінің құжаттары кері қайтарылды, 1 үміткер өтінішін өзі қайтарып алған ал 3 өтініш бойынша оқу орнының дәрежесі мен беделі қарастырылатын болады. Естеріңізге сала кетейін «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан үшін шет елде білікті кадрлер дайындау үшін жұмыс жасайды.

Жоғарыдағы хабарларға қызығушылық тудырушылар үшін төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады. Алматыдағы Британ Кеңесінің байланыс телефондары 72 02 07, ал Сорос-Қазақстан қорына 50 38 11 телефондары арқылы хабарласа аласыздар.
XS
SM
MD
LG