Accessibility links

Бүгін Литваның бұрыңғы президенті Роландас Паксасты жауапкершілікке тарту жөніндегі қылмысты іс бойынша, сот процесі басталуға тиіс.


Паксас көкек айында конституция мен қызметке тұрардағы сертін бұзғаны үшін президенттіктен кеткен болатын. Оған мемлекетік құпияларды жария етті деген айып тағылып отыр. Бұл орайда, орыс кәсіпкері Юрий Борисов туралы сөз қозғалып отыр. Бұл кәсіпкер Паксастың сайлау науқаны кезінде бас демеушісі болды. Егер оның кінасы дәлелденсе, Паксас айып төлеуге тиіс болады. Немесе оған құпия мәліметтермен істейтін кез келген кеңседе жұмыс істеуге тыйым салынады, немесе ол аз мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG