Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элизабет Джонс Қазақстанға келді


АҚШ тың мемелекеттік хатшысының Европа және Евразия мәселері жөніндегі көмекшісі Элизабет Джонс ханым Орталық Азияның бірқатар елдеріне жасайтын сапары барысында шілденің 15 і күні Алматыға келді. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің таратқан мәлімдемесіне қарағанда АҚШ тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі қызметін атқарған Элизабет Джонс ханым Қазақстан мен АҚШ арасында терроризмге қарсы күрес, адам құқығы және демократияны дамыту сондай ақ Қазақстанда алда келе жатқан парламент сайлауына байланысты мәселерді Қазақстандағы үкімет өкілдерімен, саяси партиялардың жетекшілерімен сондай ақ халықаралық ұйымдар мен бейресми ұйымдардың өкілдерімен талқылау үшін келген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау орталығының бірінші хатшысы Ильяс Омаровтың айтуынша Э.Джонс ханым Алматыда Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Қазақстан президенті әкімшілігінің бірінші орынбасары Марат Тәжин және Орталық Сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева мен кездеседі. Ал бізге мәлім болғанындай Э.Джонс ханым бейсенбі күні түстен кейін Алматыда оппозициялық бағыттағы «Ақ Жол» Демократиялық Партиясы және Демокртиялық Таңдауы Халықтық Партиясының жетекшілерімен кездескен. «Ақ Жол» демократиялық партиясының орталық штабы жетекшісінің орынбасары Арсен Дүйсеновтың айтуынша Э. Джонс ханымен болған кездесуге партия жетекшілерінен Ораз Жандосов, Әлихан Бәйменов, Болат Әбілов үшеуі қатысқан. АҚШ мемелекеттік хатшысының көмекшісімен болған осы кездесуге қатысқан Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық Партиясының саяси кеңесінің бастығы Асылбек Қожахметовтың айтуынша Э.Джонс ханымды Қазақстанда алда өтетін парламент сайлауы көп қызықтырып, сайлаудың әділ, шын өтуі үшін АҚШ және ОБСЕ өз тараптарынан бақылаушылар жібермекші екендігін мәлімдей келе электрондық дауыс беру жүйесіне байланысты сұрақ, жауаптар болған. Кездесуде саяси көзқарасы үшін қәзір түрмеде отырған Ғалымжан Жақиянов туралы да сөйлесілген. Сондай ақ кездесу кезінде, Э.Джонс ханым Ғ.Жақияновтың саяси көзқарасы үшін түрмеге қамалғанын дұрыс деп көрмейтіндігін, оның бостандыққа шығуы керек екендігін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG