Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Ричард Армитидждің пәкістандық тілшілерге айтуынша, ол Пәкістан әкішілігін Ирақтағы бейбітшілік шараларында қатысуға мәжбүрлемеген екен


Ал Пәкістан тарапының айтуынша, олар Ирақ халқы өтінгенде ғана, және БҰҰ мандат бергенде ғана ол елге өз сарбаздарын жібермек көрінеді. Лаңкестік пен күрес науқаны кезінде көмек беру жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінен өкіл былай дейді.

- Біздің міндетіміз - Пакістандағы қауіпсіздік шаралары үшін әскери құрал-жабдықтармен көмектесу. Атап айтсам, әскери тікұшақтармен қамтамасыз етуді қолға алып отырмыз, - деген Ричард Армитидж.

Армитидж бұған дейін, пәкістандық дипломат Джехангир Қазының БҰҰның Ирақтағы арнайы елшісі етіп тағайындалғандығына өз ризашылығын білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG