Accessibility links

АҚШ мемелекеттік хатшысының көмекшісі Элизабет Джонс Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді


АҚШ тың мемелекеттік хатшысының Европа және Евразия мәселері жөніндегі көмекшісі Элизабет Джонс ханым Қазақстандағы екі күндік іс сапарының аяқталуына байланысты шілденің 16 і күні Алматыда, АҚШ елшілігінде БАҚ өкілдері алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Мұхиттың арғы жағынан келген жоғары лауазымды дипломат әйелдің бұрын Қазақстанда АҚШ елшісі болып қызмет еткендігі белгілі. Ол өзінің шектеулі уақытын ойлады ма жоқ әлде қазақстандық журналистерге көп сұрақ қойуға мұрша бергісі келді ме баспасөз мәслихатын бірден сұрақ жауаптан бастауды ұсыныс етіп, әуелі өзінің Қазақстанға жасаған қысқа сапарының қортындысына тоқталды.

Элизабет Джонс ханымның айтуынша ол шілденің 15 і күні яғни сапарының алғашқы күні Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковпен кездесіп, халықаралық мәселелер атап айтқанда Ауғанстан мәселесі, Ирактағы жағдай, Иракта жүрген Қазақстанның баталоні жөнінде, БҰҰ ның Ирак мәселесіне байланысты қойып отырған талаптары жөнінде сөйлескен.

Сондай ақ алдағы болатын парламент сайлауы туралы да әңгіме болған. Сол күні кешінде Э.Джонс ханым Алматыда Орталық Сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиевамен кездесіп, алдағы уақытта Қазақстанда қолданысқа кіргелі отырған электронды дауыс беру жүйесі жөнінде пікір алмасқан. Э.Джонс ханым шілденің 16 сы күні Алматыда Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Тәжинмен кездесіп алдағы болатын парламент сайлауына байланысты кең түрде пікірлесумен бірге Қазақстандағы оппозициялық кейбір партиялардың жетекшілерінің қал жағдайы әсіресе қәзір түрмеде отырған Ғалымжан Жақиянов жайында сөйлескен.

«Біз Ғ.Жақияновқа байланысты мәселені үнемі назарымызда ұстап отырмыз. Сондықтан да біз Вашингтондағы Қазақстан елшілігімен үнемі сөйлесіп отырмыз, және біздің Қазақстандағы елшілікте бұл мәселеге көңіл қойып отыр. Бұл өте маңызды мәселе болмақ. Халқаралық қауымдастық назарында отырған бұл мәселені Қазақстан үкіметі де дұрыс түсініп отыр деп ойлаймын» деді Э.Джонс ханым.

Э.Джонс ханым Қазақстанда алдағы уақытта қолданысқа кіргелі отырған электронды дауыс беру жүйесі туралы да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша АҚШ та да бұл жүйе жөнінде қоғамда түрлі пікірлер қалыптасып отыр. Бұл жүйе әлі өзінің тиімді жақсы жүйе екндігін көрсете алған жоқ. Сондықтан да АҚШ та да Қазақстандағыдай бұған деген алаңдаушылық бар деді ол. Э.Джонс ханым АҚШ та жүріліп жатқан атышулы «Қазақгейт» атты сот процессі туралы сұраққа АҚШ та ешкімде сот процесіне әсер ете алмайды, бұл мүмкін емес, сот ешкімге бағынышсыз жүріледі деді.
XS
SM
MD
LG