Accessibility links

Ричард Армитейдж Қырғызстанда болды


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитейдж ел басшылығымен келіссөздер өткізу үшін Қырғызстанда болды. Вашигтонмен Бішкек қарым-қатынастарының басты тақырыптары қауіпсіздік, саясат,экономика, білім беру және мәдениет салаларына қатысты. Президент Асқар Ақаевпен бірлесе өткізілген баспасөз мәжілісінде Армитейдж Қырғызстанның демократияландыру жолдары қарастырылып жатқандығын айтты. «Президентпен және үкімет мүшелерімен Қырғызстандағы азаматтық қоғамның даму проблемаларын талқылаймыз. Нарық экономикасына бейбіт және демократиялық көшу жолдары туралы әңгімелесеміз. Бұл барша әлемге, әсіресе осы аймаққа үлгі болар еді»,-деді АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитейдж.

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Асқар Ақаев алдағы президент сайлауына орай былай деді: «Біз сайлауды конституцияға толық сәйкес өткіземіз, оған ешқандай өзгеріс енгізбейміз».
XS
SM
MD
LG