Accessibility links

Ішкі істер министрі қылмыскерлік жайындағы мәліметтер әлі бұрмаланатынын айтып отыр


Қылмыспен қалай күресуге болады, егер оны полицияның өзі жасырып отырса? Елдегі қылмыстық ахуал өткен жылғы күйінде қалып отыр. Бірақ қылмысты тіркеу көрсеткіші ұлғайды. Осыған байланысты қылмыстың ашылу көрсеткіші азайды. Бұл біз күткендей болып отыр, деді Қазақстан ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков министрліктің жарты жылдық жұмысын қорытындылаған мәжілісте.

Қылмыстың шынайы жағдайын білуге қол жеткізу үшін бірнеше ішкі істер басқармасы бастықтарына қарсы шара қолдануға және екі ішкі істер органы басшысын жұмыстан босатуға тура келді. Қылмысты тіркеу көрсеткіші біз бірнеше рет тексерген аймақтарда байқалады. Ал, тексеру болмаған аймақтарда бұндай үрдіс жоқ, дейді ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков.

Министрдің айтуынша, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында керісінше қылмысты тіркеу төмендеді. Бұл облыстарда бұрынғы барлық қылмыс тіркелді немесе жасыруды жалғастыруда. Сондықтан да жақын уақытта тексереміз, дейді. Министрдің айтуына қарағанда, осы жылдың жартысында полицияға қылмыс туралы азаматтардың арыз-шағымдары 24,5 пайызға көбейген. Қылмысты тіркеу одан әрі ұлғаяды. Әлеуметтік сауалдарға қарағанда қылмыстық озбырлықтан жәбір көргендердің 18 пайызы полицияға сенбегендіктен әзірге мүлдем шағымданбай отыр. Зауытбек Тұрысбековтің айтуынша, қылмыстарды тіркеудің өсуі бұрын жасырылып келген мал, пәтер, ұялы телефон ұрлығын есепке алумен ұлғайған. Сонымен қатар ауыр қылмыстарды тіркеу 18,5 пайызға артқан. Аса ауыр қылмыстырады тіркеу Астанада ұлғайған. Көптеген ауыр қылмыс жалпы қылмыс есебіне саналып кеткен, дейді ішкі істер министрі. Қылмысты есептен жасыру-лауазымдық қылмыс. Мұндай факті үшін кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылып, жазаланатын болады, дейді Зауытбек Тұрысбеков. Министрдің айтуына қарағанда, іздеу салынған қылмыскерлердің 62,7 пайызы табылған. 2,5 мыңнан аса қылмыскер қашып жүр. Олардың 273-і адам өлтірген, 119 –ы әйел зорлаған, 335-і тонаушы. Олардың көбісі бостандықта қалып, қылмысты жасауларын жалғастыруда. Ал, біз әрекетсіз отырмыз, дейді министр мырза. Зауытбек Тұрысбеков: ішкі істер органдарының басшылары,- елде не болып жатқанынан ойланыңдар. Қылмыстық топтар бақайшақтырына дейін қаруланып бейбіт адамдарды өлтіріп, ұрлап, тонап жатыр. Бұл қарақшылық емес пе?, - дейді сөзін қарамағындағыларға бағыштап. Адамдарды заңсыз қамау, қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары кездесуде. Жарты жылда 93 азаматтың конституциялық құқықтары бұзылған. Бұл адамдарға тергеушілір өздерінің сауатсыздығымен үлкен моральдық шығын келтірді және полицияға өмір бойы қарсы қойды, деді ішкі істер министрі. Бас прокурордың орынбасары Әбдірәшит Жүкеновтің айтуынша, қылмысты жасыру қасақана жасалуда. Қылмысты қасақана жасырғаны үшін жарты жылда ішкі істер қызметкеріне қатысты 13 іс қозғалған. Қазақстан ішкі істер министрі елдегі қылмыстың тіркелуін сенім телефондары арқылы бақылауды министрліктің қауіпсіздік қызметіне жүктегенін айтады.
XS
SM
MD
LG