Accessibility links

Палестина автономиясының жетекшісі Ясир Арафат премьер-министр Ахмед Кюрейдің отставкаға кетемін деген арызын қабылдамады


Сол себептен Ахмет Кюрей өз міндетін атқара беретін болады. Өз кезегінде Ахмет Курей Ясир Арафаттың талабынан бас тарта алмағанын жеткізді. Кеше Ясир Арафат қауіпсіздік қызметінің жетекшісі лауазымынан өз туысы Мусса Арафатты қызметінен кетіріп, оның орнына Абдель Резака Маджаиды тағайындады. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан бүгін жасаған мәлімдемесінде Палестина автономиясы күрделі дағдарыстың алдында тұр, сол себептен Ясир Арафаттың премьер-министр Ахмед Курейдің айтқанына құлақ салып, оның айтқанын тыңдағаны жөн деген. Батыс Жағалауда болған Израиль әскерилерінің рейді барысында 5 палестиналық жараланды.
XS
SM
MD
LG