Даниал Ахметов Швайченко өз ісімен айналыспай отыр деп Юрий Швайченконың өз қызметіне сәйкестігін қарауды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарауына ұсынды. Ал, Юрий Швайченконың айтуынша, ол өз қызметінде бірде-бір сын-ескертпе алмапты. Ол өзінің «Отан» партиясынан парламент мәжілісі депутаттығына ұсынылғанын, енді келіп қызметіме лайық емес десе бұл бір қарама-қайшылық болды дейді. Мен өз кандидатурамды алып тастаймын, деді мәжілістен соң «Азаттық» радиосына берген сұхбатында. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Юрий Швайченконың айтуынша, индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы аясында аймақтық бағдарламалар бекітілген:
- Ол 31 миллиард теңгеден кем емес көлемде қаржы тартуды қарастырады. Оның ішінде 2004-2006 жылдарда бірінші кезеңде 6 миллиард 770 миллион теңге қаржы тарту көзделді. 2001 жылдан бері жергілікті инвестициялық бағдарламаларды орындауда тығыз жұмыс жасаудамыз. Ол 52 жобаның 41-і қазіргі уақытта іске асырылды.
Юрий Швайченко өз өмірінде осындай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтады. Үнемі келешегі бар адам болдым, енді аяқ астынан қызметіме сәйкес емес болып шықтым. Облыс әкімінің орынбасары болып жасап жатқаныма сегізінші жыл. Менің айтарлықтай тәжірибем бар. Үкіметте қызметіме сәйкес келмейді дегені бұл өте қатыгездік, дейді Юрий Швайченко.