Ирақтың солтүстігіндегі Самарра қаласының маңында сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні американдық әскерилермен көтерілісшілер арасында қақтығыс болды. Америка әскерилерінің хабарлауынша, көтерілісшілердің шабуылынан кейін, әскерилер оқ ашқан. Нәтижесінде 2 үй қирап,4 ирақтық көз жұмған, 5 адам жараланған. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, сейсенбі күні Анбар провинциясында болған операция барысында 4 американдық сарбаз қаза тапқан. Қазіргі кезде Ирақта көз жұмған американдықтардың саны 900 жетіп отыр.