Accessibility links

ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ КЕҢЕС ПАЛЕСТИНА БИЛІГІН СЫНАДЫ


Палестина автономиясының заң шығарушы кенесі автономияда қалыптастып отырған саяси дағдарысты талқылады. Олар Палестина билігі елге көрсетіп отырған билігінен айырылды, дегенді айтып отыр. Сонымен қатар, заң шыгарушы кеңес депутат Набиль Амраға жасалған шабуылды сыңға алды.

Набиль Амр телеарна арқылы сөз сөйлеп, автономия жетекшісі Ясир Арафатты сыңаған болатын. Бұл мәлімдемесінен кейін оған шабуыл жасалған. Автономиядағы саяси дағдарысты ретке келтірудің мүмкіндігі болмай отыр. Сол себептен Ахмед Кюрей заңсыздық орын алып, аласапыран болып тұрған елге жетекшілік ете алмаймын деп, отставкаға кету жөнінде өтініш жазған. Бірақ Ясир Арафат Кюрейдін бұл аразын қабылдамай тастады. Кеше Ахмед Кюрей үкімет жетекшісі қызметін уақытша атқарады, деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG