Accessibility links

Афин Олимпиадасына бару үшін қазақстандықтарға қанша ақша қажет?


Қазақстанда жұмыс жасап жатқан туристік кәсіпорындар қаржысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 49 пайызға ұлғайды. Ал Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарынан түскен кірістері 45 пайызға өсті. Қазақстандағы туризм жақсы қарқынмен дамып келе жатқанымен, кей туристік ұйымдар алдағы Олимпиада ойындарына барам деушілер саны аз дегенді айтуда.

2004-ші жылдың басынан бері Қазақстанда 685 туриситік кәсіпорын тіркеліп, олар бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша барлығы 45 мың 186 туриске қызмет көрсеткен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2003-ші жылдан бері Қазақстанға келетін туристердің саны 6,2 пайызға азайған .Ал керісінше Қазақстаннан шет елдерге шығатын туристардің саны 34,4 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігнің статистика және туризм инфроқұрылымын дамыту бөлімінің жетекші маманы Гүлнар Сманова хабарлағады:

-Барлығы 45 мың 186 туристке қызмет көрсетілген.Оның ішінде ішкі туризм - 17 мың 408 адам, келу туризмі - 6 мың 30 адам,ал шығу туризмі - 21 мың 740 адам.Шет елдерден 5039 адам келді. Ал ТМД елдерінен 20 мың 918 адам.

Әдетте шет елдерге демалу мақсатында жиі баратын қазақстандықтардың саны биыл біршама өскені байқалып отыр. Биылғы жылдың маңызды шараларының бірі - Грекия астанасы Афин қаласында өтетін Олимпиадалық ойындар. Әр елден келген ең мықты спортшылар күш сынасатын бұл сайыс тарихте өз атын қалдыратыны сөзсіз. Қазақстанда мұндай маңызды сынақтың күәгері болудан үміткер аз емес. Дегенмен Дүниежүзілік маңызы зор бұл ойындарға барудың өзі қазақстандық жанкүйердің екіден бірінің қалтасы көтереме. Бұл сұрақты Алматы қаласында жұмыс жасап жатқан белгілі туристік фирма басшыларына қойған болатынбыз. Грекиямен біріге отырып жұмыс жасайтын бұл фирманың өкілі Олжас Асайновтың айтуынша,Грекияға бір адамның барып келуі мынадай қаржыны қажет етеді:

- Алдымен туристің қандай жерде тоқталатынына байланысты. Қонақүйдегі бір нөмер үшін тәулігіне 200 евродан 1мың евроға дейін төлеу қажет.Бүгінгі таңда әрине 200 евролық номерлер қалған жоқ, тек қымбат қонақүйлер қалды.

Бұл тек қана жататын орыныңыз ғана . Бұған тағы Грекияға бару үшін 46 доллар тұратын визаның құнын қосыңыз. Бүгінде алыс –жақын шет елдерге барып-келу үшін көптеген авиакомпания өз қызметін ұсынады. Олжас Асайновтың айтуынша, Грекияға дейінгі авиабилет бағасы 800 доллардан 1500 долларға дейін екен.Бұл ұшақтың дәрежесіне байланысты.

Олжас Асайнов бүгінде Грекияға баруға ниет білдірген Қазақстандықтар саны бүгінде аз дегенді айтып отыр.Өткен жылы шамамен 50-60 адам барып келген болса, биыл әзірге 40 адам Грекияның түрлі қалаларында демалып жүр. Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігінің маманы Гүлнар Сманова қазақстандықтар Ресейге көптеп барады дегенді айтып отыр:

-Қазақстандықтар негізінде мына мемлекеттерге көптеп барады.Ол Ресейге 339 мың 631 адам,Қытайға 18 мың 304 адам, Германияға 7474 адам, Туркияға 7822 адам, Ұлыбританияға 4323, АҚШ-қа 5 226 адам, ал Нидерланд еліне 1мың 208 адам.
XS
SM
MD
LG