Accessibility links

Қазақстанда коррупциялық қылмыстар азайған делінеді, алайда сарапшылар оған күмәнді


Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының мәлімдеуінше, елде осы жылдың жартысында 655 коррупциялық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 46 пайызға кем екен. Алайда, сарапшылар бұған дәлел таппай отыр.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаев алғабасудың екі себебі бар деп есептейді. Біріншісі, қылмыстық заңдарға өзгерістер енгізілуімен байланысты, өйткені, заңдар қайта қаралып бірқатар көрсеткіштер коррупциялық қылмыс құрамынан шығарылғандығы. Ал, екінші себеп құқық қорғау органдары қызметінің төмендігінен, деп отыр Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары. Ілияс Бақтыбаев қаржы полициясы агенттігіне жаңа мәртебе берілді, ішкі істер министрлігінің экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі 9-шы депатраменті қаржы полициясы органына өтті. Қалыптасу кезеңі болған шығар. Енді осы жылдың енді қалған жартысында коррупцияға қарсы күрес күшейеді деп отыр. Бақтыбаев мырзаның айтуынша, прокуратура органдары жарты жылда бір жарым мыңнан аса тексеру жүргізгенде көптеген заң бұзушылықты анықтаған. Сотқа өткен істер бойынша ішкі істер органының 21 қызметкері, әртүрлі деңгейдегі үш әкім, үш сот орындаушысы, салық органдарының екі өкілі, бір сот төрешесі сотталған. Саясаткер Сейдахмет Құттықадамның пікірінше, Қазақстанда жемқорлық үлкен өріс алған: -Сыбайлас жемқорлықпен күресте ең ірі жемқорлар, парақорлар шетте қалады. Менің ойымша, мұның барлығы көзбояушылық. Мұндай күрес ешқашан жемісті болмайды. Ал, Парламент депутаты, «Отан» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Қайролла Ережепов коррупциямен күрестің барысына көңілі толмайтынын айтады: - Министр ауысса да әкім ауысса да команда дейтін ауру бар. Команда дейін өзінің сыбайластарын алып келу. Команда дейтін тұрған кезде сыбайлас жемқорлық болады. Коррупцияға қарсы күрестің пәрменділігі туралы жұртшылық өкілдерінің пікірін сұрағанымызда, олар заңдар бар, бірақ жұмыс істемейді немесе ол жайында хабарамыз жоқ десті.
XS
SM
MD
LG