Accessibility links

АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Николос Ожоги Ауғаныстандағы сайлау қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, одақтың Ауғаныстанға көбірек әскер бөлу шешіміне жоғары баға берді


Ожоги бұл қозғалысты халықаралық қоғамдастықтың Ауғаныстан адамдарына көмек көрсетудегі елеулі қадам деді. Ол Ауғаныстанның демократиялық құқықты жүзеге асырып, конституциялық басқаруға көшуге қатты ынта білдіртіп отырғандығын айтты. Жұма күні НАТО, 9 қазанда өтеді деп белгіленген Ауғаныстандағы сайлау қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 2 мың жауынгер жіберу туралы шешімді қолдаған болатын. Одақтың бас хатшысы Схеффер айтып өткендей, Испаниямен Италиядан келген әскер Ауғаныстанға қыркүйек айына қарай келіп, екі айға қалады.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG