Accessibility links

БАҒДАДТА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ ҚАЗА ТАПТЫ


Бағдадта шабуыл жасалып, Ішкі істер министрлігіндегі лауазымды адам өлтірілді. Ішкі істер министрлігінің өкілі Муссаб Әль Ауади екі сақшыларымен бірге үйінен шығып бара жатқанда өлтірілген. Муссаб Әль Ауади министрлікте тайпа мәселелерімен айналасатын. Сонымен қатар шілденің 26 күні Ирақтың Масул қаласындағы АҚШ-тың әскери базасына кіреберіс жерде миналанған автокөлік жарылып, 3 адам қаза тапты. Жанпидашы автокөлік жүргізушісі, бір әйел және бір бала көз жұмды. 3 американдық сарбаз және Ирақтын қауіпсіздік күштерінің 3 қызметкері жараланған.
XS
SM
MD
LG